Көшет отырғызу ісі қалай жүзеге асып жатыр?

Ұлытау ТВ жаңалықтары

Облыс әкімі Дастан Рыспеков Ұлытауға жасаған сапар аясында «Таңбалы тас» саябағына барып, Таза Қазақстан акциясы аясында шырша көшеттерін отырғызды. Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің тапсырысымен «Капитал-С» ЖШС жүзеге асырып жатқан саябақ аумағына 360 түп шырша, қарағай және терек көшеттері отырғызылуда.


 

Руслан Оспанов учаске бастығы

 

Шыршаның объемын бітірдік егіп. Енді қазір теректерді егіп жатырмыз. Сосын қараталды кезегі келеді. Басқа да көшеттерді отырғызамыз. Скважина қазып, суын тартамыз. 1 ай бойы суарамыз.

 

Сондай-ақ, аймақ басшысы жеке кәсіпкердің бастамасымен құрылған орманшылық алқабына барып, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Жеке кәсіпкер Ерлан Авбаширов орманшылық алқабына тал егу жұмыстарын осыдан 2 жыл бұрын қолға алған. Ұлытау облысының климат факторын зерттеп зерделеп,тал өсіруге ауданның климаты қолайлы деп таныған.


 

Осылайша өз қаражатына питомник салып, Қырғызстанның мамандарымен келімсішартқа отырған. Оған кеткен қаражат та қомақты. Жарты миллдиардқа жуық қаржы салып отыр кәсіпкер. Енді сол мамандар  жасыл желектердің өсуін қадағалап, күтіп баптап отырады.


 

Жұмысшылар ауа температурасын, ылғалдылықты үнемі назарда ұстайды. Олар қылтиған көшеттерді суа­рып қана қоймай, минералды тыңайтқыштар да қолданады. Тамырланды-ау дегенде барып, облыстың барлық елід-мекендеріне жөнелтіледі. Жасыл желектер ашық жерде, жел­дің өтінде, жауын-шашында жер­гілікті та­биғатқа бейімделеді. Содан кейін барып қана белгіленген жерлерге отырғызылады. Осылай деген жеке кәсіпкер алма ағаштарын отырғызуға да жер дайындап жатқанын айтты. Айта кету керек, игі бастаманы қолдап облыс әкімі де көшет отырғызуға өзі қатысты.


 

ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ, ДУМАН ОРАЗОВ

«ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ

 

 

 


Пікірлер (0)

пікір қосу

Бейне-репортаждар

показать еще