АУТИЗММЕН АУЫРАТЫН БАЛАЛАРҒА КӨМЕК КӨРСЕТЕТІН ОРТАЛЫҚ ЖАҢАРТЫЛДЫ
Ulytautv 02-апр, 14:39 0 ЖАҢАЛЫҚТАР
Аутизм – баланың ми қызметінің бұзылуына байланысты адамдармен қарым-қатынас жасауына қиындық тудыратын ауру.Мұндай диагноз қойылған балаларға көмек көрсету мақсатында Ұлытау облыстық психикалық денсаулық орталығы жұмыс істейді. Орталық аутизммен қатар басқа да психикалық бұзылыстарға мамандандырылған көмек көрсететін негізгі мекеме болып табылады.Мұнда 110 төсек-орындық станционарлық бөлімше бар,оның 85- і психикалық бұзылыстары бар пациенттерге,ал 25-і балаларға арналған. Мамандар аутизм диагнозы қойылған балаларға кешенді қолдау көрсетіп,олардың әлеуметтік бейімделуіне жағдай жасайды.
Гүлбану БҰЛАНБАЕВА, Облыстық психикалық денсаулық орталығы балалар бөлімшесінің меңгерушісі
Қазіргі кезде орталықта 25 бала станционарлық ем алып жатыр. Емдеу курсы диагноздың ауырлығы мен баланың клиникалық жағдайына байланысты 30 күнге дейін жалғасады.Балалармен психиатр,педагог-психолог, логопед-дефектолог және емдік дене шынықтыру маманы жұмыс істейді.Психикалық денсаулық бөлімінің меңгерушісінің айтуынша,соңғы уақытта ата-аналардың орталыққа жүгінуі айтарлықтай артқан.Бұл жұртшылықтың аутизм туралы көбірек білетінін және ерте емдеудің маңызын түсіне бастағанын көрсетеді.
Гүлбану БҰЛАНБАЕВА, Облыстық психикалық денсаулық орталығы балалар бөлімшесінің меңгерушісі
Ұлытау облысында психиатриялық көмек жүйесін одан әрі дамыту жоспарлануда. Емдеу орындары жаңартылып, жаңа әдістер енгізіледі, мамандар саны көбейеді және оңалту бағдарламалары кеңейеді.Бұл өзгерістер психикалық бұзылыстары бар балалар мен олардың отбасыларына көмек көрсетуді қолжетімді әрі тиімді етуді көздеп отыр.
АЙДАНА БАЗАРБАЙҚЫЗЫ, ҚҰРМЕТ ҚОЖАХМЕТОВ
«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ