АЗАМАТТАРДЫҢ БҰЗЫЛҒАН ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

Ұлытау ТВ жаңалықтары

Мемлекеттік қызмет алушы «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметті  алу үшін Жезқазған қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жүгінгін. Бөліммен 2024 жылы тұрғын үй көмегі, яғни қаржылай қолдау тағайындалған. Кейін, Е есімді азамат департаментке шағым түсміріп, қызмет көрсету барысында тұрғын  үй көмегін көрсету қағидалараының талаптары мен нормаларының сақталмағанын мәлімдеген.


Динара БАКИРОВА  ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаменті мемлкеттік қызметтер көрсету басқармасының бас маманы 

 

«Нәтижесінде, азамат Е-нің бұзылған құқықтары толықтай қалпына келтірілді, яғни 89 563,44 теңге көлемінде тұрғын үй көмегі тағайындалды»

 

Сондай-ақ департаментпен жүргізілген сыртқы байқау нәижесінде Жезқазған қаласының білім бөлімімен «жетім баланы немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемнің тағайындалуы,қайтарылуы және мөлшері» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша қызмет алушыға «тапсырысты тұрғылықты мекен-жайына жіберу қажет» деген себеппен негізсіз бас тартқаны анықталған. Қызмет алушы заңнамада көзделген біржолғы ақшалай төлем алу құқығынан шектелген.

Динара БАКИРОВА  ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаменті мемлкеттік қызметтер көрсету басқармасының бас маманы 


 

«Департаменттің жедел ден қою шаралары нәтижесінде қызмет алушының құқығы қалпына келтіріліп, 294 900 теңге көлемінде біржолғы ақшалай төлем тағайындалды»

 Көрерменге құлаққағыс, егер мемлекеттік қымзет көрсету барысында заң бұзушылықтарға тап болсаңыз, ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаментіне жүгінуге болады. Әрбір өтініш қаралып, тиісті шаралар қабылданады.

 

ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ, АЙДОС ӨМІРБЕКҰЛЫ 

«ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ

 


Пікірлер (0)

пікір қосу

Бейне-репортаждар

показать еще