Өңірде алғаш рет бүйрекке заманауи әдіспен ота жасалды

Ұлытау ТВ жаңалықтары

Жезқазған медициналық орталығының базасында жасалған лапароскопиялық нефрэктомия, яғни пышақсыз отаға Қазақстанның онкоурологтар қоғамының төрағасы, Астанадан арнайы келген дәрігер Талғат Құрманов жетекшілік етті. Тәжірибелі маман операция алдында жергілікті әріптестеріне шеберлік сабағын өткізді.

 

Талғат Құрманов, Астана қаласындағы көпсалалы медицина орталығы директорының орынбасары

Мұндай шеберлік сабақтары жыл сайын ұйымдастырылады. Атап айтар болсам, бұған дейін Оңтүстік, Солтүстік өңірлерде, сонымен қатар Маңғыстау облысында болдық. Біздің урологтар мен онкоурологтар өз тәжірибелерімен теориялық қана емес, практикалық тұрғыда да бөліседі.

 Бұл күні аталған ота ұлытаулық екі тұрғынға жасалды. Екеуі де міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру есебінен тегін болды. Отаға түскен жандардың бірі зейнеткер Любовь Пахарокова.

 

Любовь Пахарокова, ем алушы

Менің сол бүйрегімнен істен шыққанына біраз уақыт болған. Қазір жағдайым жақсы. Отаға дейінгі міндетті анализдер мен отаның өзі тегін өтті. Әрине, бұл МӘМС тің игілігі. Мұндағы ақ халатты абзал жандарға алғысымды айтамын!

 

Лапароскопиялық әдіс дәстүрлі операциямен салыстыруға келмейді. Ең бастысы, тіліксіз әдіс науқастарға отадан кейін 1-2 сағат ішінде толықтай аяққа тұрып кетуіне мүмкіндік береді. Аталған, оталар сәтті жасалды.

 

Мұқағали Сейтқазы, Айдос Өмірбекұлы

«ҰЛЫТАУ» телеарнасы

 

Пікірлер (0)

пікір қосу

Бейне-репортаждар

показать еще