Әдеп жөніндегі кеңес отырысы
Ulytautv 02-апр, 13:08 0 ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫ
Кеңестің күн тәртібінде 2 мәселе қаралды. Оның алғашқысы Жезқазған қаласы әкімдігі жанынан құрылған тұрғын үй комиссиясы мүшелеріне қатысты тәртіптік іс. Бұл жөнінде департаментке қарасты Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Айнұр Абикенова баяндады. Аталған мәселе әлі де жан-жақты зерттелуде.
Роман Ким, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаментінің басшысы
Сонымен қатар кеңесте 2025 жылдың І ші тоқсаны бойынша орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдардың қызметтiк автокөліктерді қызметтік емес мақсатта пайдаланбау жағдайлары бойынша талдау қортындылары шығарылды. Айта кетейік, өткен 2024 жылы Әдеп кеңесінде өңірдегі 100 ге жуық мемлекеттік қызметшіге қатысты тәртіптік іс қаралған.
Мұқағали Сейтқазы, Думан Оразов
«ҰЛЫТАУ» телеарнасы