МЕМЛЕКЕТКЕ ҚАЙТАРЫЛҒАН АКТИВТЕР ЕСЕБІНЕН ОБЛЫСТА 11 ЖОБА ҚОЛҒА АЛЫНДЫ
Ulytautv 02-июл, 11:49 0 ЖАҢАЛЫҚТАР / ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ
Заңсыз иемденген қаражат мемлекетке қайтарылып, әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылысына жұмсалып жатыр. Мәселен, Қаражал қаласы мен Манадыр станциясында жаңа мектептердің құрылысы жүріп жатыр. Бұған дейін Жаңаарқа ауданына қарасты Манадыр ауылындағы оқушылар үш бөлмелі тар үйде білім алса, Қаражал қаласындағы Теміржол шағын ауданының балалары теміржол өткелінен өтіп, қалаға қатынап оқитын.
Жәнібек НӨПІРОВ Ұлытау облысы әкімінің орынбасары
Айқын ЕЛЕУСІЗОВ Қаражал қаласының әкімі
Шалғайдағы елді мекендерде бірнеше фельдшерлік-акушерлік пункттің құрылысы да қолға алынған. Солардың бірі – Кеңгір ауылындағы отбасылық-дәрігерлік амбулатория. Қазір құрылыс жұмыстарының басым бөлігі аяқталып, ішкі әрлеу жұмыстары жүріп жатыр.
Ринат АЛМАТОВ құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары
Облыс прокурорының аға көмекшісі Мирас Сәруар тұрғындардың сұранысы бойынша 11 әлеуметтік нысан іріктеліп алынғанын айтып, әлеуметтік нысандар аймақтарда орналасқандықтан аймақ прокурорлары үнемі қадағалау жүргізуде деді. Әзірге,құрылыс барысында бұзушылықтар анықталмаған. Сондай-ақ қайтарылған қаржы есебінен Жаңаарқа ауданындағы 2 ауылға ауызсу құбыры тартылып жатыр.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ ДУМАН ОРАЗОВ
«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ