Адал еңбек – адал азамат
Ulytautv 08-апр, 10:04 0 ЖАҢАЛЫҚТАР / ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ / ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫ
Мәдениет және демалыс парктерін басқару мекемесінде 100 ге жуық адам жұмыс істейді. Солардың бірі – Күләш Нұрсағатова. Мысты шаһардың сәнді саябақтарының тазалығына жауапты жан жастайынан еңбектің майданында шыңдалған.
Қыстың қақаған аязы мен жаздың ми қайнатар аптабына қарамастан өзіне жүктелген міндетті мүлтіксіз орындау Күләш Нұрсағатова мен оның әріптестері үшін үйреншікті дағдыға айналған.
Мұндағы жұмыскерлер бірнеше топқа бөлінген. Сәйкесінше, әр топтың қарауына жүктелген орындар бар. Мәселен, Күләш Нұрсағатованың ұжымы – Алғашқы құрылысшылар алаңын тазалайды.
Иә, кейде көшеде қоқысты бей берекет тастап жатқанда, оларды кейін кімдер жинайтындығы жайында да бір мезгіл ойлап қойсақ. Күн шыққаннан – кеш батқанға дейін тыным таппай тірлік етіп жүрген Күләш Нұрсағатова сынды жандардың еңбектері-еңбек ақ...
Мұқағали Сейтқазы, Думан Оразов
«ҰЛЫТАУ» телеарнасы