ЖАҢА СПОРТ АЛАҢЫ АШЫЛДЫ
Ulytautv 02-июн, 17:39 0 ---
1 маусым-Балаларды қорғау күнінде өткен салтанатты шара ерекше көңіл-күймен басталды. Балалар жаңа спорт кешенін тамашалады. Олар енді бос уақытын пайдалы өткізіп,спортпен шұғылдана алады.Мерекеге арнайы келген қонақтар балаларды мерекемен құттықтап,осындай сауапты іске атсалысқан жандарға алғыс білдірді.
Раушан ҚАПАРОВА Жезқазған қалалық мәслихатының төрағасы
Жаңа спорт алаңы мекеме ауласында орналасқан. Салтанатты лента қиылған соң,қонақтар мен орталық тәрбиеленушілері спорт кешенін аралап шықты.Жас спортшылар өз өнерлерін көрсетіп бокс,волейбол,баскетбол және футболдан шағын көрсетілімдер жасады.
Жаттықтырушылардың айтуынша, бұл алаң балалардың спортқа деген құлшынысын арттырып, дене шынықтырумен тұрақты айналысуына жол ашады. Олар алдағы уақытта нәтижелі көрсеткіштерге қол жеткіземіз деп отыр.
Руслан БЕКМАҒАМБЕТОВ, жаттықтырушы
Сергей ДАНИЛОВ, жаттықтырушы
Балалар үшін ұйымдастырылған мерекенің жалғасы ән мен биге ұласты. Тайжан Қалмағамбетов атындағы филармония әртістері мен орталық тәрбиеленушілері сахналық қойылымдар қойып, аниматорлар көңіл-күйді көтерді.Салтанатты жиынның соңында демеуші қор өкілдеріне қазақы дәстүрмен шапан жабылып, алғыс білдірілді.
АЙДАНА БАЗАРБАЙҚЫЗЫ, БЕКЖАН МАРАТҰЛЫ
«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ