АУЫЗ СУ СҮЗГІЛЕРІН АУЫСТЫРУҒА 1,8 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
Ulytautv 20-май, 15:16 0 ЖАҢАЛЫҚТАР / ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Жезқазған қаласының шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстарын реконструкциялауға Үкімет резервінен 1,8 млрд теңге бөлінді.
Бұл қаражат ескі су тазарту нысандарын заманауи мембраналық жабдықпен жаңғыртуға бағытталады. Жобаның екінші кезеңінде қуаты тәулігіне 124 мың текше метрді құрайтын нысандар толықтай қайта жаңартылатын болады.
Мәруа КЕЛМАҒАНБЕТОВА Жезқазған қалалық құрылыс бөлімінің басшысы
Жезқазған қаласының тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ететін басты көз — Кеңгір су қоймасы. Алайда, қаланың су тазарту құрылыстары 1966 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Қазіргі таңда ондағы жабдықтар мен технологиялардың 90 пайызы тозған. Бұл мәселені шешу – қала тұрғындары үшін аса маңызды. Себебі, жаңа технологиялар енгізілген соң 93 мыңнан астам адамның таза ауыз суға қолжетімділігі артып, санитарлық-гигиеналық өмір сүру сапасы едәуір жақсарады.
ПЕРИЗАТ ДӘЛКЕНҚЫЗЫ, НҰРБОЛ ҮЗДІКБАЕВ
«ҰЛЫТАУ» телеарнасы