АТА АНАЛАР ФОРУМЫ

Ұлытау ТВ жаңалықтары

«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы негізінде қала мектептерінде маңызды, нақты нәтижеге бағытталған жобалар жүзеге асырылуда.Форум жұмысы сол жобаларды ата-аналарға таныстырумен басталды. Ал, негізгі бөлім бала тәрбиесіндегі маңызды мәселелерді ортаға салып, тәжірибе бөлісіп, рухани құндылықтарды жаңғыртуға бағытталған.


 

Жеңіс ӘЛМАҒАНБЕТОВ Жезқазған қалалық білім бөлімінің басшысы

 

Бүгінгі форумға полиция бөлімі, бала құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл бар, төтенше жағдайлардық қызметкерлері келіп оты. Осы кісілермен барлдығымыз жиналып біртұтас жұмыс істеуміз қажет.


Тәжірибелік алаңда ата-ана мәдениетін қалыптастыру, олардың белсенділігін арттыру, бала тәрбиесіндегі рөлін күшейту, отбасы құндылықтарын насихаттау, бала құқығы, білімі, денсаулығы, қауіпсіздігі,мәселелері талқыланды

 

Жазира ЖЕЛІБАЕВА №11 ЖББМ директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

 

Қазіргі біздің тақырыбымыз қоғамдағы-саналы ата-аналарды тәрбиелеу. Саналы ата-ана болу, қоғамды, өсіп келе жатқан баланы тәрбиелеу болып саналады. Бала дүние келгеннен бастап, ата-ананың іс-әрекетіне, қарым-қатынасына байланысты қалыптасады. Алайда көп ата-аналар кемшіліктерді жіберіп жатады. Мақсаты да сол- ата-ана болып, ұстаз болып, қоғам болып, саналы ұрпақ тәрбиелеу.

 

Яна ШӘКІРОВА №3ЖББМ психологы

Біз бүгін кибербуллинг деген тақырыпты алдық. Бұл өте күрделі әрі осы заманға сәйкес тақырып. Балалар осы мәселемен зардап шегіп жатыр. Сол үшін де осы тақырыпты алдық.

 

Бала келешегін ойлап, алаңдаған ата-аналар ойындағысын бүкпесіз ортаға салды. Оқушылардың бос уақытын тиімді өткізіп,еңбекке баулу керек. Әйтпесе, қоғамда болып жатқан түрлі араңдатушылққа еріп кетеді,-деді.


 

Ербол МАРАТҰЛЫ ата-ана

 

Баланы еңбекқорлыққа баулу ата-ананың басты міндеттерінің бірі деп білемін. Баланы еңбекқорлыққа баулу-бұл өзіміздің жауапкершілігімізбен іс-әрекетімізбен көрсетуіміз керек.

 

Бала тәрбиесіне елеулі үлес қосып, бүгінгі форумға қатысқан ата-аналарға алғыс хат табысталды. Іс-шара оқушылар дайындаған мерекелік концертпен түйінделді.


 

ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ, БЕКЖАН МАРАТҰЛЫ

«ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ

 


Пікірлер (0)

пікір қосу

ҚАРАЖАЛ ҚАЛАСЫ

показать еще