15 МАМЫР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОТБАСЫ КҮНІ

Ұлытау ТВ жаңалықтары

Отбасы, отбасылық құндылықтар – кез келген адамның өмірін құрайтын, аса маңызды қазына. Бұл құндылықтарды насихаттау – ұлттық идео­ло­гияның ажырамас бөлігі.Шараға қатысушылар ұлттық құндылықтарды ұлықтап,отбасындағы тәрбиенің мәні жайында ой бөлісті.


 

Шүкір МОЛДАҒАЛИЕВА Жезқазған қаласының құрметті азматы

 

Бүгінгі отбасы күнімен бәріңді құттықтаймын балалар.Сендер де бәрің де отбасының балаларысыңдар.Сендердің бәрінде де сол отбасыны құрайтын аталарың әжелерің бар,әкелерің шешелерің бар.Сендер сол аталардың,әжелердің немересісіңдер,сендер біздің немеремізсіңдер.Сондықтан сендерге бәрімізге осындай толық отбасыда өмір сүруге,қазақтың отбасының бәрі сондай толық болуына,қазақтың отбасының бәрінің төрт көзі түгел болуына,жан-жағының бәрінің мереке болуына тілектеспіз біз әрине әжелер. 

 

Шараға қалалық «Мерейлі отбасы – 2024» байқауының жеңімпазы Ақжарқын Токишеваның отбасы арнайы шақырылды.Ол бала тәрбиесі-отбасындағы ең басты жауапкершілік екенін атап өтті.


 

Ақжарқын ТОКИШЕВА   «Мерейлі отбасы – 2024» байқауының жеңімпазы

 

Баланы тәрбилегенде әрине ол өте кішкентай ғана элемент болып табылғанымен,бірақ үлкен жауапкершілік.Неге десеңіз,баланың біріншіден әрбір кезеңдері болады.Осының барлығынан біз кезең кезеңімен өткізіп,баланы уысымыздан шығарып алмай,балаға біріншіден тәрбие беріп,екіншіден солардай баламен бала болып,үшіншіден ол отбасы құндылығын басты міндет деп санаймыз.

 

Жастар –ел ертеңі. Олардың бойына отбасылық құндылықты сіңіру-бүгінгі буынның басты міндеті.Тәрбие тақырыбы терең қозғалған жиында жастар тарапынан да сұрақтар қойылып,пікірлер ортаға салынды.


 

Станислав БАБАНИН Тау - кен металлургиялық колледжінің студенті

 

Бүгінгі кездесуден жақсы әсер алдым.Отбасым маған әрдайым дұрыс жолды сілтеп,өмірлік тәжірибесімен бөлісіп келеді.Сол үшін мен оларға ризамын.Бүгінгі күн бізге отбасының қадірін тағы бір еске салады.

 

Берекелі отбасы – баянды болашақтың кепілі. Ұлттық тәрбие мен отбасылық құндылықтарды дәріптеу арқылы қоғамның рухани негізін нығайтуға болады. Осындай тағылымы мол кездесулер – ұрпақтар сабақтастығын жалғайтын алтын көпір.

АЙДАНА БАЗАРБАЙҚЫЗЫ,  ДУМАН ОРАЗОВ

«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ



Пікірлер (0)

пікір қосу

ҚАРАЖАЛ ҚАЛАСЫ

показать еще