«ҚАЗАҚСТАН БАЛАЛАРЫ» ҰЛТТЫҚ АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ
Ulytautv 22-май, 10:34 0 ЖАҢАЛЫҚТАР / ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ
Акция аясында №1 жалпы білім беретін мектепте оқушылар арасында сурет көрмесі өтті. Бұл бастама – балалар мәселесіне ерекше көңіл бөлуге және балалардың қауіпсіз ортада өсіп-жетілуіне жағдай жасауға, сондай-ақ қоғамның назарын бала құқығы мен балалық шақтағы өзекті мәселелерге аударуға бағытталған.
Алмагүл ӘБДІРАХМАНОВА №1 ЖББМ көркем еңбек пәнінің мұғалімі
Осы сурет көрмесінің мақсаты балаларға отбасылық құндылықтарды түсіндіру,отбасында балаларды қорғау,балаларды балалық шағының жақсы өтуін қадағалау осы мақсатта біз балаларға сурет көрмесін өткізіп жатырмыз.Балалар өз ойларын суреттеп,қағаз бетіне түсіруде.
Көрмеге 8 оқушы қатысты. Олар арнайы үйірмеге бармаса да,суретсалуға ынталы.Мектеп ұстаздары өздері үйретіп,шабыт беріп келеді.Мұндағы әр туынды-баланың ішкі жан дүниесінің көрінісі.
Дариға АСАН №1 ЖББМ оқушысы
Бұл суретте балалар бақытты уақытты бірге өткізіп,отбасымен бірге әрқашанда өзін қорғауда сезінетін суретті салдым.
Акция аясында еліміздің барлық аймағында балаларға арналған түрлі шаралар ұйымдастырылуда.
АЙДАНА БАЗАРБАЙҚЫЗЫ, БЕКЖАН МАРАТҰЛЫ
«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ