Теректіде жаңа мектеп ашылды

Ұлытау ТВ жаңалықтары

300 ден астам тұрғыны бар Теректіліктер үшін ерекше күн! Заманауи үлгіде салынған еңселі екі қабатты ғимараттың ашылуы – ауылдағы ағайынның әлеуметтік тынысына оң серпін береді деп күтілуде...


80 орындық жаңа мектепте оқушылардың сапалы білім алуына барлық жағдайлар жасалған. Ең бастысы: жылы, жайлы және қауіпсіз! Ауыл тұрғындарын оқу ордасының ашылуымен аймақ басшысы Дастан Рыспеков арнайы құттықтады.


Бұл күні мектеп табалдырығын 42 оқушы аттады. 

Мектеп ғимаратындағы сыныптар оқу процессіне қажетті құралдармен толықтай жабдықталған және қосымша инфрақұрылымдармен қамтылған.


Оқу ордасында кадр мәселесі де оңтайлы шешімін таппақ. Қалалық білім бөлімі «Оңтүстіктен-Солтүстікке» бағдарламасы арқылы ауылды жерлерге жас мамандарды шақыру жұмыстарын қолға алған.


 Мұқағали Сейтқазы, Айдос Өмірбекұлы

«ҰЛЫТАУ» телеарнасы



Пікірлер (0)

пікір қосу

Бейне-репортаждар

показать еще