Жаңа кітаптың тұсауы кесілді

Ұлытау ТВ жаңалықтары

Жұмағали Кенжалин – «Қазақстан Теміржолы» АҚ Қоскөл ауылдық бөлімшесінің қарапайым еңбеккері. Биыл асқаралы 60 тың биігіне шыққан ақын «Көктем жыры» атты өзінің төртінші кітабының тұсауын кесті. М.Әуезов атындағы кітапханада өткен тағылымды шара барысында Жезқазған қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі тарапынан ақынға алғыс хаты табыс етіліп, иығына шапан жабылды.

Гүлсім Сандықбаева, Жезқазған қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы

Жыр жинағы - Астана қаласындағы «Кәусар» баспасында жарық көрген. Таралымы: 500 дананы құрайды.

Қуат Құрмансейітов, «Кәусар» баспасының директоры

Кадрдан тыс: Тұсаукесерге қатысқан өңірдегі зиялы қауым өкілдері Жұмағали ақынның шығармашылығына ақ тілектерін арнады. Теміржолында жүріп-ақ, өлең жолын өре білген жұмысшы маман үшін биылғы жылдың маңыздылығы ерекше!

Мұқағали Сейтқазы, Думан Оразов

«ҰЛЫТАУ»  телеарнасы


Пікірлер (0)

пікір қосу

Бейне-репортаждар

показать еще