МЕКТЕП КӨШБАСШЫЛАРЫНЫҢ ҚАЛАЛЫҚ ФОРУМЫ
Ulytautv 29-май, 15:50 0 ЖАҢАЛЫҚТАР / ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ / ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫ
Іс-шараны Жезқазған қаласының білім бөлімі мен Жастар ресурстық орталығы бірлесіп ұйымдастырған.Қаланың жеті мектебінен келген оқушылар мектептегі бастамаларымен,фракция жұмыстары және көшбасшылық тәжірибелерімен бөлісті. Форум TEDx форматына негізделіп,әр қатысушы білім ордаларына қатысты өзекті мәселелерді талқылады. Әр қатысушыға 5 минут уақыт берілді. Әділқазылар тақырыптың ашылуы, көшбасшылық қасиет,тыңдаушыны шабыттандыру сынды жеті критерий бойынша бағалады.
Лаура ДҮЙСЕН Жезқазған қалалық білім бөлімінің тәрбие ісі жөніндегі әдіскері
Форумға қатысушылар көшбасшы болу үлкен жауапкершілік екенін айтады. №1 мектептің мәдениет және өнер фракциясының белсендісі Айтжан Алпысбай. Ол оқушыларды түрлі іс-шараларға тартып, сенімді сөйлеу мен мәдениеттілікке баулиды. Айтжан жетекшілік еткен «Дос болайық» жобасы аясында мектепте дебат ұйымдастырылып, қазіргі кезде 7–8 сынып оқушыларын қалалық жарыстарға дайындауда.
Айтжан АЛПЫСБАЙ №1 ЖББМ парламентінің белсенді мүшесі
Мейіржан АМАНҚҰЛ Қ.И.Сәтбаев атындағы №7 мектеп-лицейінің президенті
Форум қорытындысы бойынша үздіктер анықталды. Бас жүлде – №8 мектеп-гимназиясына, ал бірінші орын – №1 жалпы білім беретін мектепке бұйырды.Ал, белсенділігімен ерекшеленген қатысушылар арнайы номинациялармен марапатталды.
АЙДАНА БАЗАРБАЙҚЫЗЫ, АЙДОС ӨМІРБЕКҰЛЫ
«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ