БАЛАЛАР ШАТТАНҒАН КҮН

Ұлытау ТВ жаңалықтары

Мерекелік шараны «Парасат-2030» қоғамдық қоры  мен «Жезқазған» дәмханасының әкімшілігі ұйымдастырды. Мұндай игі бастамалар балалардың рухани дамуына серпін беріп, қоғамда мейірім мен жанашырлықты нығайтатыны сөзсіз. Айта кету керек, осындай жандар үшін  мейлінше қолдау көрсетіп, көңіл бөліп, қоғамға бейімділігін арттыру мақсатында жылда дәстүрлі түрде түрлі іс-шаралар өткізіліп тұрады.


 

Ләззат ПАЗЫЛБЕКОВА «Парасат-2030» қоғамдық қорының мүшесі

 

Мына бүгін балаларға дастархан дайындап, күтіп жатырмыз. Балаларымыздың қуанышына ортақ болған кәсіпкерлер, акиматтың жұмымскерлеріне, халқыма мына балалардың ата-аналарына бәрін көп-көп рақмет айтамыз.  Кішкене балалардың көңілін көтерейік, қызықтырайық деп соған қызмет жасап жатырмыз.

 

Көңілді шара аясында өздеріне арнап жайылған дастарханнан дәм татып, би билеп, ойын ойнаған балалар бір сәт болса да дерттерін ұмытып, аналардың жүзіне қуаныш үйірілді. Мерекелік дастарханнан бөлек, оларға арнайы сыйлар берілді.  Осылайша олардың жүздерінде қуаныш, мейірім ұялады.


 

Алмат ҚОРАБАЕВ «Қазақстан халық банкі» АҚ Ұлытау облыстық филиалының директоры

 

Міні бүгінгі барлық бүлдіршіндерімізді халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтаймын. Бұл балалар деген біздің еліміздің ертеңі, біздің болашағымыз. Сондықтан әрбір шаңырақтағы бүлдіршіндеріміз бақытты болуға лайықты.  Сіздер білетіндей «Халық банк» социалдық жауапкершілігі өте жоғары. Әрбір іс-шараға ат салысамыз. Мінекей бүгінде спонсорлық демеу көрсетіп келіп жатқан жайымыз бар. Және де басқа да спонсор болған тұлғаларға, мекемелерге баршасына алғысымды білдіремін.

 

Құралай АЙМУРЗИНОВА ата-ана

 

Сіздерге көп-көп рақмет. Алланың разылығы жаусын. Осылай ұйымдастырып шақырғандарыңызға мың алғыс.

 

Сондай-ақ, шарада демеушілер мен ұйымдастыруға үлес қосқан мекеме басшыларына алғыс хаттар табысталды.


 

АЛМА СӘЛІМЖАНҚЫЗЫ, ДУМАН ОРАЗОВ

«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ


Пікірлер (0)

пікір қосу