Ұлытау облысының құрылғанына 3 жыл
Ulytautv 09-июн, 14:17 0 ЖАҢАЛЫҚТАР / ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ
Жезқазған бүгінде – жас облыстың орталығы. Ұлытау облысының құрылуымен бұл қалада бірнеше әлеуметтік, мәдени және спорттық нысандар бой көтеруде. Айтулы мерекеге орай Алаш алаңында жергілікті өнерпаздардың қатысуымен мерекелік концерт өтті.
Мағжан ТАБЫЛДИН Ұлытау облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы
Кеш барысында жергілікті өнерпаздар елге деген сүйіспеншілігін, туған өлке рухын ән мен жырға қосты. Сахна төрінде «Алтын орда» ұлттық аспаптар ансамблі, «Қарақат» студиясы, «Шашу», «Тұмар», «AisDance» студияларының бишілері мен Жезқазғандық әншілердің өнері көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп, мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Елтынды ДҮЙСЕНБАЕВ қала тұрғыны
Мейрамкүл ТҮСІПБАЕВА қала тұрғыны
Қасиетті Ұлытау облысының туған күні- барша тұрғын үшін үлкен қуаныш, ортақ мереке. Мерейлі мекеннің мерекесі құтты болсын!
АЛМА СӘЛІМЖАНҚЫЗЫ, АЙДОС ӨМІРБЕКҰЛЫ
«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ