МӘДЕНИЕТ ПЕН ӨНЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АРАСЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ТУРНИР

Ұлытау ТВ жаңалықтары

Жарысқа Жезқазған, Сәтбаев, Қаражал қалалары мен Жаңаарқа, Ұлытау аудандарынан мәдениет саласының қызметкерлері қатысты.Ұйымдастырушылар бұл арқылы сала мамандарының арасында бірлік пен достық қасиетті арттыруды мақсат тұтқан.


 

Мағжан ТАБЫЛДИН Ұлытау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы

 

Бірінші рет өткізіліп отыр.Алдағы уақытта тек қана теннис пен шахматтан басқа, күрес, футбол, волейбол сияқты спорт түрлерінен өткізетін боламыз. Спорт достық қарым-қатынасты нығайтады.

 

Мәдениет және өнер саласының қызметкерлері бұл жолы сахнада емес, спорт алаңында бас қосты. Үстел теннисінен 15 адам сайысқа түссе, шахматтан 6 адам қатысып, тартысты ойын өрнегін көрсете білді. Әр кезең қызыққа толы болып,  турнирге қатысушылар барын салды.


 

Құрмет РАХАТ жарысқа қатысушы

 

Ұлытау аудандық мәдениет үйінен келіп отырмын. Ол жақта видеограф маманы болып жұмыс жасаймын. Теннис енді өзімнің балалаық кезден бастап ойнайтын спорт түрі. Бүгінгі жарыс жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Мереке құтты болсын!

 

Мәди СӘДЕНОВ жарысқа қатысушы

 

Мәдениет саласының қызметкерлерін бүгінгі мерекемен шын жүректен құттықтаймын. Шахматтан турнирге қатысытп жатрмын. Серке тетартында 15 жылға ждуық әртіс болып қызмет етемін. Шахматпен кәсіби тұрғыда айналыспаймын,хоббиім десем болады.

 

Жүзден жүйрік шыққандар арнайы марапаттарға ие болды. Мәдениет қызметкерлері күніне арналған шаралар легі Ұлытау облысы әкімінің сыйлығын тапсыру салтанатымен жалғсада.Іс-шара барысында өңірдің мәдениеті мен өнерінің дамуына елеулі үлес қосқан сала мамандары марапатталады.


 

ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ, АЙДОС ӨМІРБЕКҰЛЫ

«ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ


Пікірлер (0)

пікір қосу

ҚАРАЖАЛ ҚАЛАСЫ

показать еще