БАЛАЛАР ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ

Ұлытау ТВ жаңалықтары

Халықаралық балаларды қорғау күнінде фестивалға облысымызға қарасты қалалық, аудандық іріктеуден сүрінбей өткен үздіктер өнер көрсетті. Іс-шараға 7-13 жас аралығындағы  90-ға жуық бала қатысты. Астана қаласынан арнайы шақыртылған жүргізуші балалармен ойын ойнап, кешті жоғары деңгейде өткізді.


 

Серік ОСПАН ұйымдастырушы

 

Шараның мақсаты өсіп келе жатқан жасөспірімдерге стимуль жасап, солардың өнерлерін бағалап, көтеру. Мысалы биылғылары келесі жылы қатыспайды. Басқа жастар келеді орындарына. Ережесі солай өзі. Сондықтан елдегі таланттарды көбейту, халық арасындағы таланттарды әсіресе. Жас балаларды соларға стимуль жасап, соларға мотивация беру.

 

Фестивальдің әрбір қатысушысы бағалы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды. Байқаудың қорытындысы бойынша қатысушыларға «Аспапта ойнау», «Көркемсөз» және «Ақындық өнер», «Хореография» және «Вокал» номинациялары табысталды.


 

Диана АЛИЕВА «Вокал» номинациясының иегері

 

Мен Ұлытау фестивальіне «Отан» әнімен келдім. Ұлытау фестивальі жылдар бойы өтеді.  Өзіме жеңіс тілеймін.

 

Фестиваль бағдарламасы тарихи-археологиялық мұражайда экскурсиямен басталып, «лимпопо» ойын-сауық орталығында жалғасқан. Содан кейін қатысушылар С.Қожамқұлов театрында "Мен неге қорқамын"  қойылымын тамашалап, тегін балмұздақтар таратылды.  Фестиваль бағдарламасы гала-концертпен түйінделді.


 

АЛМА СӘЛІМЖАНҚЫЗЫ, БЕКЖАН МАРАТҰЛЫ

«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ

 


Пікірлер (0)

пікір қосу