БАР ЖАҚСЫЛЫҚ БАЛАЛАРҒА
Ulytautv 02-июн, 16:09 0 ЖАҢАЛЫҚТАР / ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ
«Дара Жүрек» қоғамдық қоры 2021 жылы өз жұмысын бастады. Содан бері ерекше қажеттілігі бар балалар үшін түрлі мерекелік іс-шаралар, байқаулар мен емге арналған жәрмеңкелер де өткізіп келеді. Бүгінде қор қамқорлығында әртүрлі жастағы 13 бала бар. Мерекелік кешке қалалық әкімдік өкілдері мен Жезқазған қаласының Аналар кеңесінің мүшелері қатысып, балаларды мерекемен құттықтады.
Толқын БАЛҚЫБАЕВА «Дара Жүрек» ҚҚ директоры
Бұл күні балаларға арналған түрлі қызықты бағдарлама ұйымдастырылды. Балалар ойындар ойнап, ата-аналарымен бірге эстафетаға қатысып, көңілді әндерге би биледі. Шара соңында мерекенің басты кейіпкерлеріне Жезқазған қаласы әкімдігі мен Аналар кеңесі атынан сыйлықтар табыс етілді. Өз кезегінде ата-аналар осы тамаша әрі көңілді күн үшін ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.
Іс-шара аясында қайырымдылық жәрмеңкесі де өтті.Онда балалардың қолдан жасаған бұйымдары мен серіктестер ұсынған кәдесыйлар саудаға шығарылды. Айта кету керек, «Дара Жүрек» қоғамдық қорының жетекшісі өз тәрбиеленушілерімен бірге Астана қаласында өтетін жәрмеңкеге қатысып, қолөнер туындыларын ел назарына ұсынбақ.
АЙДАНА БАЗАРБАЙҚЫЗЫ, БЕКЖАН МАРАТҰЛЫ
«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ