Жезқазғанда 14 көшенің жолы жөнделеді
Ulytautv 17-июн, 13:26 0 ЖАҢАЛЫҚТАР / ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ
Жолдың жәйі – Жезқазғанда күн тәртібіндегі күрделі мәселе. Қазір қаладағы Бейбітшілік, Алаша хан даңғылы мен Сарыарқа сынды үлкен көшелердің жолдары жаңартылуда.
Бұл 9 шы орамдағы қаладан шығаберіс жол. Мердігер компания өкілдері бұл көшенің жолдарын алдағы 2 аптада толықтай аяқтаймыз деді. Аймақ басшысы Дастан Рыспеков жолдың жиегін абаттандыру жұмыстарын да назардан тыс қалдырмауды тапсырды.
Аралау барысында өңір басшысы қала іргесіндегі Қабанбай батыр ықшам ауданына да барды. Мұнда да орталық көшенің жолдары жөнделген. Қазір жол белгілерін орнату жұмыстары жасалуда. Өңірді газдандыру жобасы аясында көгілдір отынға қол жеткізген Қабанбайда биыл жайлы мектеп бой көтерді. Көшелерді жарықтандыру шаралары да қолға алынған.
Қалалық әкімдікте жолға жауапты бөлімнің басшысы мердігерлердің жұмысты сапалы орындауын үнемі бақылауда ұстап отырамыз деді.
Аймақ басшысы жол жөнедеудегі қарқынды арттыру мақсатында екі ауысымда да жұмыс істелу керектігін міндеттеді.
Мұқағали Сейтқазы, Айдос Өмірбекұлы
«ҰЛЫТАУ» телеарнасы