ОБЛЫСТЫҚ КІТАПХАНАНЫҢ ЖҰМЫС КЕСТЕСІ ӨЗГЕРДІ
Ulytautv 18-июн, 15:42 0 ЖАҢАЛЫҚТАР / ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ
50 мыңнан аса кітап қоры бар руханият ордасы – өңірдің бас кітапханасы. Маусым айынан бастап екі ауысымда жұмыс кестесіне көшкен кітапханашылар негізгі міндетіміз: оқырмандарға қолайлы жағдай жасау дейді...
Иә, жұмыс кестесінің ұзаруы – үлкендерге де, жастарға да ыңғайлы болуда. Бірі – кітапханаға кешкі салқынмен келетін болдық десе, енді бірі – осында ілім-білімді жетілдіру мақсатындағы бірқатар тапсырмаларды орындаудамыз дейді.
Бұл кітапханада 5 мыңға жуық оқырман тіркелген. Президенттің Ұлттық құрылтайда көтерген мәселесіне үн қосқан кітапханашылар – аталған бағыттағы жұмыстарды әрі қарай да жалғастыра бермек...