АППАРАТТЫҚ КЕҢЕС

Ұлытау ТВ жаңалықтары

Күн тәртібіне шығарылған алғашқы сұрақ: Отандық өндірушілерді дамыту мен қолдау шаралары. Отандық тауар өндірушілердің негізгі көрсеткіштері өңдеу өнеркәсібімен айқындалады.  Мәселен ағымдағы жылдың қаңтар-сәуір айларында өңдеу өнеркәсібінің көлемі 368 млрд теңгені құраған. Былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 28 пайызға өскен.  Ұлытау облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Данияр Арынғазин көрсеткіштерді тізіп шығып, металлургиялық өндіріс көлемінің төмендеу себебіне тоқталды.


 

Данияр АРЫНҒАЗИН Ұлытау облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы

 

Көрсеткіштің төмендеу себебі, Қазақмыс корпорациясының ағымдағы жылы Жомарт кенішіндегі апатқа қатысты жұмыстың тоқталуымен байланысты (Жомарт кенішінің жұмыс көлемі 50 пайызға азайды). Бұл көрсеткіш жарты жылдықта қалпына келетін болады. Қазақмыс корпорациясы «Жомарт» кенінде жұмыстарды қайта бастады.

 

Аппараттық кеңесте Ұлытау облысы бойынша экспорт пен импорттың динамикасы мен  кәсіпкерлікке мемлекеттің қолдау шаралары туралы ақпарат берілді. Аймақ басшысы, кәсіпкерлерге қолдау шаралары мен оның тетіктерін түсіндіру қажет деді.


 

Дастан РЫСПЕКОВ Ұлытау облысының әкімі

 

Биылғы жылы 3,2 млрд теңгеге 67 кәсіпкерлік ұйымға қолдау көрсетілді. Біршама төмендеу бар. Бірақ жылдың соңына дейін қалпына келеді дей ойлаймын. Олардың көбісі қызмет көрсету саласында жұмыс істейді. Халыққа қызмет көрсету сапасын үнемі дамытып отыруымыз қажет. Өнім өндіретін, өндірісін кеңейтікісі келетін кәсіпкерлерге қолдау қажет. Ол үшін Атамекен,СПК жұмыс істеп, түсіндіру жұмыстарын күшейту қажет.

 

Күн тәртібіне шығарылған екінші сұрақ: коммуналдық меншік нысандарын басқару. Облыс бойынша коммуналдық меншікке 371 заңды тұлға,474 нысан,440 автокөлік құралы тіркелген. Олардың тиімді басқаруына келетін болсақ...


 

Жеңіс ҚИЯНБЕКОВ Ұлытау облыстық қаржы басқармасының басшысы

 

Бүгінге, 190 нысан жалға берілді, олар бойынша бюджетке 2023-2024 жылдарға 78,3 млн теңге қаражат түсті. Салыстырмалы түрде оң динамика байқалады. Бұдан бөлек, сенімгерлік басқаруға 10 келісімшарт жасалды.

 

Ал, жекешелендіру бойынша 2022-2025 аралығында 3  нысан және 91 автокөлік сатылып,жергілікті бюджетке 137,1 млн теңге қаражат түскен. 2025 жылдың соңына дейін тозығы жеткен шамамен 117 автокөлік сатылымға шығарылады. Жиында меншікті мемлекетке қайтару бойынша жұмысты жеделтеу тапсырылды. Яғни, Жылу және сумен жабдықтау кәсіпорнын жекешелендіру тізімінен шығару бойынша жұмыс тобын құру қажеттілігі айтылды. Мұның қатарында тағы да бірқатар маңызды нысандар бар.


 

Дастан РЫСПЕКОВ Ұлытау облысының әкімі

 

Бізде 90-жылдардың басында облыс тарағанға дейін, көптеген мемлекеттің мүлкі кейбір кәсіпкерлерге берілген болатын.  Оның көбісі заңды ма заңсыз бәрін тексеру қажет. Тиісті бір құжат дайындап, прокуратурмен бірге сол жұмысты атқарайық.

 

Күн тәртібіне шығарылған соңғы сұрақ: мемлекеттік сатып алуларды өткізу.Ұлытау облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы арқылы 43,5 млрд. теңге сомасына 151 конкурс жоспарланған, оның ішінде: 32,2 млрд. теңге сомасына 98 конкурстың қорытындысы шығарылды. 5,7 млрд. теңге сомасына 34 конкурс сатып алу процессінде. Ұлытау облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы Алмат ӘЙТЕНОВ уақытылы берілмей жатқан конкурстар бойынша Тапсырыс берушілермен тиісті жұмыстар жүргізілуде деді. Алайда облыстық мәслихат төрағасы Бауыржан Шыңғысов мемлекетік сатып алулар жөнінде конкурстардың кеш басталғанына наразы.


 

Бауыржан ШЫҢҒЫСОВ Ұлытау облыстық мәслихатының төрағасы

 

График бойынша бүгін уже 2 маусым. Әлі график жүргізіп жатыр. Жұмысты қашан істейміз сонда.

 

Аймақ басшысы, жиында көтерілген сұрақтардың барлығыны назарда ұстайтынын жеткізіп, жұмыстарды жеделтуді қадап айтып, тиісті басқарма басшыларына тапсырма берді. 


 

ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ, АЙДОС ӨМІРБЕКҰЛЫ

«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ

 


Осы тақырыпқа байланысты жаңалықтар

Пікірлер (0)

пікір қосу