Аппараттық кеңес
Ulytautv 09-июн, 15:35 0 ЖАҢАЛЫҚТАР / ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ
Алдымен облыс әкімі Дастан Рыспеков жиынға қатысушыларды Ұлытау облысының құрылғанына 3 жыл толуымен құттықтап, өңірдің болашағы үшін алдағы уақытта да бірлесе еңбек етуге шақырды. Одан әрі күн тәртібіне шығарылған мәселелер қаралды. Алғашқысы: қауіпсіз еңбек жағдайларын және еңбек саласын цифрландыру жөніндегі шаралар. Ұлытау облысы бойынша ағымдағы жылдың басынан бүгінгі күнге дейін 20 жазатайым оқиға орын алып, ҚР Еңбек кодексінің талаптарына сәйкес аталған жазатайым оқиғаларға қатысты арнайы тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілген. Оның қорытындысында 17 жазатайым оқиға еңбек қызметімен байланысты деп танылған.
Жасұлан РҮСТЕМОВ Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаментінің басшысы
Еңбек саласын цифрландыру бойынша да ақпарат берілді. Облыс аумағындағы 5 кәсіпорын ұжымдық дау туындау қаупі болуына байланысты мониторингке алынған. Аймақ басшысы еңбек инспекциясы атаған кемшіліктерді түзеп, нәтиже шығаруды қадап айтты.
Дастан РЫСПЕКОВ Ұлытау облысының әкімі
Күн тәртібіне шығарлыған 2-ші сұрақ: Дін істері саласындағы атқарылған жұмыстар және алдағы жоспарлар. Дулат Төлегенов діни ахуалды тұрақтандыруға, конфессияаралық келісімді нығайтуға және азаматтардың діни-құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша жасалған жұмыстар мен жоспарларды тізді. Негізгі мәселе: облыстағы 4 мешіт ресми тіркеуден өтпеген.
Дастан РЫСПЕКОВ Ұлытау облысының әкімі
Басқарма басшысы құжаттарды рәсімдеу жұмыстары жүріп жатқанын атап өтіп,4-5 айдың көлемінде толық тіркеуден өтетін жеткізді. Облыс әкімі жұмысты ширатуды тапсырды. Сондай-ақ Қазақмыс корпорациясының демеушілігімен салынып жатқан мешіттің де құрылысн бағамдап отыру қажет деді. Ал Кеңгірдегі мешіттің атауы бойынша ақсақалдар кеңесі мен жергілікті тұрғындармен кеңес өткізілетінін айтты. Күн тәртібінде қаралған соңғы мәселе – «Көк майса» этнофестивалін өткізу жайы болды. Фестиваль 20 маусым күні сағат 11-де Ұлытау ауданының этноауылы «Шыңғыс» алаңында басталады. Облыс әкімі жауаптыларға фестивальді жоғары деңгейде ұйымдастыру үшін жұмыстарды жүйелеп, халықты ақпараттандыру жұмыстарын күшейтуді тапсырды.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ, ДУМАН ОРАЗОВ
«ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ