МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДІҢ САПАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Ұлытау ТВ жаңалықтары

Күн тәртібіне сәйкес, жиында 3 сұрақ қаралды. Оның ішінде Жаңаарқа ауданы білім бөлімінің және Ұлытау облысының қорғаныс істері департаментінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бойынша атқарған жұмыстары және көлік саласы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету үдерісі тыңдалды.  Баяндамаға сүйенсек Жаңаарқа ауданының білім бөлімімен «Кәмелетке толмағандардың мүлкіне иелік ету үшін анықтамалар беру» мемлекеттік  қызметін көрсету барысында заңнама талаптарына сілтеме жасалмай  20 өтініш бойынша бас тарту берілгені анықталған.  Ал  Ұлытау облысы бойынша 2025 жылдың 17 ақпан-13 наурыз аралығында  мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласында заңнаманың сақталуы бойынша жүргізілген тексеріс барысында біршама кемшілікер де анықталған. 


 

Динара БАКИРОВА  ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызметтер көрсету басқармасының бас маманы

 

Білім бөлімі Жаңаарқа ауданының 20 өтініш бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтің тәртібін бұза отырып, кешіктіріп тіркеген. Сонымен қатар, Бөліммен аталған мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша 2 өтініштің мерзімдері бұзылған.


Сонымен қатар, Ұлытау облысының қорғаныс істері басқарма және бөлімдерінің  2025 жылдың өткен кезеңінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша жұмыстары жөнінде баяндама ұсынылды. Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде Ұлытау облысының жергілікті әскери басқару органдарымен 242 мемлекеттік қызмет көрсетілген.


 

Әсет ТҮСІПБЕКОВ  Ұлытау облысы  қорғаныс істері департаменті бастығының бірінші орынбасары

 

Ұлытау облысы қорғаныс істері департаментінің мемелекеттік қызметтерді көрсету сапасына жауапты лаузымды тұлғалары интеграциялық шлюзінде мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімі асып кету қауіпі жөнінде мониторинг күнделікті жасауда. Жергілікті әскери басқару органдарына мемлекеттік қызметтер көрсету аясында енгізілген әрбір өзгерістер жоғары тұрған ұйымдардың протоколдары түрінде жеткізіледі.

 

Ведомствоаларық жиында көлік саласындағы мемлекеттік қызметтерге талдау жұмыстары мен қорытындысы бойынша ұсыныстар да тыңдалды.  Нақтырақ айтар болсақ- көліктік бақылау инспекциясы мен Мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерін әкімшілік құқық бұзушылықтардың біріңғай тізім жүйесімен  ұқсастығы  бойынша интеграциялау және «электрондық өтінім беру жүйесі» мен eisto.kz  ақпараттық жүйелерін интеграциялау ұсынылды.


 

Дамира АЛТАЙБАЕВА ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызметтер көрсету басқармасының басшысы

 

Бүгінгі күні көрсетілетін қызметі берушінің ақпараттық жүйесі ықпалдастырылмаған.  Осыған байланысты көрсетілген қызметті берушінің қызметкері диагностикалық карта мәліметтерінің бар-жоғын дербес өзі тексереді.  Яғни бұл  тұста ол қызмет көрсетушінің уақыт шығындарына әкіп соғады, және де мәліметтерден дұрыс, нақты анықталуына кедергі келтіруі мүмкін.

 

Сонымен қатар, жұмыс тобының отырысында  мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласында қызметкерлерді біліктілігін арттыру курстарына жолдау, қызмет алушылардың  құқықтарының бұзылуына жол бермеу, оның ішінде қызмет көрсету мерзімдерін, тәртібін сақтау ұсыныстары талқыланды.


 

АЛМА СӘЛІМЖАНҚЫЗЫ, АЙДОС ӨМІРБЕКҰЛЫ

«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ


Пікірлер (0)

пікір қосу