АППАРАТТЫҚ КЕҢЕС

Ұлытау ТВ жаңалықтары

Ұлытау облысында бүгінде 29 автобус бағыты жұмыс істеп тұр. Оның 7-еуі облысішілік, қалған 22-сі қала және қала маңындағы бағыттарды қамтиды. Жолаушыларды тасымалдау үшін жалпы саны 88 автобус қолданылады. Солардың ішінде 47 автобустың пайдалану мерзімі 7 жылдан асқан. 2025 жылы облысішілік әлеуметтік маңызы бар 7 маршрутты субсидиялауға 541 млн теңге қарастырылған. Субсидиялар көлемі тасымалдаушылар шығындарының  72%-ын жабады.Ұлытау облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы қоғамдық көліктердегі электрондық төлем жүйесі туралы да ақпарат берді. Автобус маршруттары бойынша проблемалық мәселелер баяндалды.


 

Жомарт БЕГАЕВ  Ұлытау облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы

 

Жезқазған қаласы маршруттарында автобустар жетіспеушілігі байқалады. Бүгінгі таңда жалпы 39 автобус бар, оның 5 бірлігі резервтік болып табылады. Желідегі автобустардың жүру интервалын сақтамауы, бекітілген кестеге сәйкес жүрмеуі халықтың наразылығын тудырады. Автобустардың жиі бұзылу фактілеріда орын алуда. Сәтпаев қаласы бойынша, автобус паркін жаңарту, электронды төлемді қабылдау сияқты мәселелер бар.  

 

Облыс әкімі, жаңадан салынған аялдамалардың қазіргі жағдайына тоқталды. Тоқтар істен шыққан, іштері лас. Қала әкіміне жағдайды бақылауда ұстауды тапсырды.            


                                                                 


Әуе қатынастары бойынша да ақпарат берілді. Бүгінде облыс орталығынан Астана мен Алматыға тұрақты рейстер бар. Дегенмен, Алматыға аптасына тек 2 рет ұшады. Бұл жолаушыларға қолайсыздық тудырып отыр. Ал, жаңа авиамаршруттар ашу күн тәртібінде тұр.

 

Дастан РЫСПЕКОВ Ұлытау облысының әкімі

 

Біздің Жезқазған қаласы арқылы шығысқа, батысқа маршрут ашу керек,Алакөл, Маңғыстау деген сияқты. Сосын мысалы Астанадан Жезқазған арқылы Маңғыстауға.. Сол сияқты бірқатар жобаларды іске асыру қажет. Соны пысықтаңыздар..

 

Темір жол қатынастары бойынша да проблемалық мәселелер айтылды. 5 бағытта темір жол маршруты ұйымдастырылған. Алайда вагон аздығы мен билет тапшылығы жолаушылар үшін мәселе болып тұр. Астана, Қарағанды бағыттары бойынша жылжымалы құрамның вагондарын жаңарту қажет. Аталған мәселе бойынша Көлік министрлігіне тиісті хаттар жолданған.                                                                                       


Күн тәртібіне шығарлыған келесі мәселе: тұтынушы құқытарын қорғау және баға тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша атқарылған жұмыстар. Қазіргі таңда Департаментпен 2025 жылдың 3 айының қорытындысы бойынша тұтынушылардың құқықтарының бұзылуына қатысты барлығы 96 өтініш түсіп, қаралған.  Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сату кезінде сауда үстемесінің (15%) шекті мәнін асырып сатқан фактілер анықталуда.


 

Жеңісбек АХМЕТОВ Ұлытау облысы сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы

 

2024 жылдың 3 айында Сауда қызметін реттеу заңының талаптарын бұзған 27 кәсіпкер, ал  2025 жылдың 3 айында аталған заңы талаптарын бұзған 66 кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

 

Дастан Рыспеков бағаның негізсіз көтерілуіне жол бермеуді және күнделікті мониторинг жүргізуді тапсырды.Департамент басшысы сауда базарларын жаңғырту жөніндегі жол картасының іске асырылу барысын да баяндады. Ұлытау облысында барлығы 6 сауда базары тіркелген. Қаладағы Нарық және Мерей базарында жаңғырту жұмыстары кешеуілдеп, жол картасында көрсетілген тапсырмалар уақытылы орындалмай жатыр. Аппарттық кеңесте айтылған мәселенің барлығын облыс әкімі бағамдай келе, басқарма басшыларына шешу үшін нақты жоспарлар әзірлеуді жүктеді.


 

ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ, ДУМАН ОРАЗОВ

«ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ

 

 


Пікірлер (0)

пікір қосу

ҚАРАЖАЛ ҚАЛАСЫ

показать еще