ОБЛЫСТЫҚ ЖАС ИНСПЕКТОРЛАР СЛЕТІ
Ulytautv 23-май, 10:29 0 ЖАҢАЛЫҚТАР / ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ
Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету аймақтағы өзекті мәселелердің бірі.Балалар мен жасөспірімдердің қатысуымен жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған шараға Жезқазған,Сәтбаев,Қаражал қалалары мен Ұлытау, Жаңаарқа ауданынан келген 5 команда қатысты.Байқауда 11-14 жас аралығындағы 40 -қа жуық оқушы бақ сынасты.
Маратбек ТӨРЕБЕКОВ Ұлытау облыстық білім басқармасы басшысының м.а.
Қайырбек РАХЫМБЕКОВ Ұлытау облысы ПД ЖПҚ басқармасы бастығының орынбасары
8 кезеңнен тұратын бұл жарыста оқушылар өз білімдері мен шеберліктерін көрсете білді. Велосипедпен жүріп жарысты,жол ережелерін жатқа айтты,тіпті алғашқы медициналық көмек те көрсетті.Әрқайсысы-өз мектебінің намысын қорғап,үлкен дайындықпен келген. Солардың қатарында Қаражалға қарасты Жәйрем кентінен келген «Бағдаршам» тобының командирі Әли Болат та бар.Ол болашақта полиция қызметкері болсам дейді.
Әли БОЛАТ Жәйрем кентінің №30 ЖББМ оқушысы
Назерке КЕНЖЕҒАРА Жаңаарқа ауданы Ақтүбек ЖББМ оқушысы
Байқау соңында оза шапқан командалар марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды. 1 ші орынды Сәтбаев қаласының оқушылары жеңіп алды. Олар енді облыс намысын республикалық деңгейде қорғайды. Ал, Жезқазған қаласы екінші орынды иеленсе, Жаңаарқа ауданы үшінші орыннан көрінді. Ұйымдастырушылар мұндай тағылымды шаралар алда да жалғасын табатынын жеткізді.
АЙДАНА БАЗАРБАЙҚЫЗЫ, БЕКЖАН МАРАТҰЛЫ
«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ