ҰЛЫТАУЛЫҚ СПОРТШЫЛАРДЫҢ КЕЗЕКТІ ЖЕҢІСІ

Ұлытау ТВ жаңалықтары

Өзге елге барып, өз елінің байрағын көкке көтеру - қай спортшының болмасын арманы екені рас. Ал, жастар арасындағы әлем чемпионаты – спортшы үшін ең басты бәсекелердің бірі. Азияның 16 мемлекетінен спортшылар қатысқан додада Қазақстан ұлттық құрамасы үздік нәтиже көрсетті. Канэоде есуден  күміс жүлде иегері атанған Малика Тұрсын жарысқа жоғары дайындықпен бардым дейді...


 

Малика Тұрсын, Азия чемионатының күміс жүлдегері

 

Ұзақ уақыт бойы дайындалып, осы жетістіктерге жетіп жатырмыз. Барлығы отбасымның қолдауымен және бапкерлерімнің қолдауымен, жаттығулармен, маңдай термен алынған жетістіктер деп есептеймін. Алда бұдан да көп жарыстар бар. Соған дайындаламыз.

 

Өңіріміздегі байдарка және каноэ есуден мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв мектебінде 355 жас спортшы жаттығады. 2021-2025 жылдар аралығында мектеп спортшылары жалпы саны 481 медаль жеңіп алған. Спорт мектебінің жаттықтырушы-оқытушысы Денис Чижиков  алда әлі бірнеше жауапты жарыс бар екендігін айтты.


 

Денис ЧИЖИКОВ, байдарка және каноэ есуден олимпиадалық резервтегі спорт мектебінің жаттықтырушы-оқытушысы

 

Тұрсын Малика біздің мектепте 5 жылдан бері жаттығып келеді. Бұл – оның Азия чемпионатындағы үшінші қатысуы. Ол 2023 жылдан бастап халықаралық жарыстарға қатысып жүр. Бұл – оның бесінші халықаралық сайысы. Қазір біз әлем чемпионатына қатысатын спортшылардың тізімін күтіп отырмыз. Нәтижелерге қарағанда, Тұрсын Малика бұл тізімге еніп, Қазақстан атынан әлем чемпионатына қатысуы тиіс. Әлем чемпионаты Португалияда, Монтемор-у-Велью қаласында өтеді. Онда бүкіл әлемнің үздік спортшылары бақ сынайды..

 

Айжамал ҚОЖАХМЕТОВА М.Тұрсынның анасы

 

Үлкен тойымызға осындай, енді қуанышымызда шек жоқ.  Алла разы болсын. Бапкерлеріне үлкен рақмет. Мына  әкімшілікке үлкен рақмет.  Қолдау білдіріп, көрсетіп, демеп жатқандарына. Үлкен-үлкен алғыс білдіреміз.

Айта кету керек, ескек есу спорты – біздің өңірде кеңінен қанат жайған. Жаттықтырушылардың жүйелі еңбегі мен спортшылардың табандылығы алдағы уақытта бұдан да биік белестерді бағындырады деген сенімдеміз.


 

АЛМА СӘЛІМЖАНҚЫЗЫ, БЕКЖАН МАРАТҰЛЫ

«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ


Пікірлер (0)

пікір қосу