ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРІНІҢ ЖЕҢІСІ
Ulytautv 16-май, 10:02 0 ЖАҢАЛЫҚТАР / ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ
Алдияр Серекбаев ішкі істер органдарында 2024 жылдан бері қызмет етіп келеді. Пауэрлифтингпен айналысқанына биыл 4 жыл болған. Жақында өткен Еуропа чемпионатында Алдияр алғаш рет үлкен додада бағын сынап, жетістікке қол жеткізді.Аталған жарысқа әлемнің әр түкпірінен мыңнан астам спортшы қатысты. 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде, 23 жасқа дейінгі жастар санатында өнер көрсеткен Алдияр жалпы есепте екінші орынды иеленді. Сонымен қатар тұра тарту бойынша бірінші орын алып, спорт шебері атағына ие болды. Жалпы көтерген салмағы — 447,5 келі.
Алдияр СЕРЕКБАЕВ спорт шебері
Алдияр тығыз жұмыс кестесіне қарамастан жарысқа бірнеше ай бойы тыңғылықты дайындалғанын айтады. Ең бастысы физикалық форманы жоғалтпау болды дейді ол.Жеңіспен елге оралған спортшыны туған-туыстары мен әріптестері қарсы алды.
Даража СЕРЕКБАЕВА А. Серекбаевтың әжесі
Серік СӘРСЕНБАЕВ Жезқазған станциясындағы желілік полиция бөлімінің бастығының м.а.
Жеңіске деген жігер, табандылық пен ерен еңбек – Алдиярдың басты ұстанымы. Бүгінгі жетістік-соның айқын дәлелі.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ, АЙДОС ӨМІРБЕКҰЛЫ
«ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ