«CLEVERKIDS» ОҚУ ОРТАЛЫҒЫ ОҚУ ЖЫЛЫН ЕРЕКШЕ ФОРМАТТА АЯҚТАДЫ

Ұлытау ТВ жаңалықтары

«CleverKids» білім беру орталығы 2020 жылы ресми түрде ашылып, жұмысын бастады. Бүгінде мұнда  2–11-сынып аралығындағы 40-тан астам оқушы білім алуда. Заманауи әдістемелер мен ойын арқылы оқытуға негізделген бағдарлама балалардың ағылшын тілін меңгеруіне зор мүмкіндік беріп отыр. Оқушылардың бірі тіл білімін болашақ мамандығына қажет деп білсе, енді бірі жеке дамуы үшін үйреніп жүр.

 

Альбина ЖАКУДА «CleverKids» оқу орталығының оқушысы

 

Мен бұл орталыққа үш жылдан бері келіп жүрмін. Осы уақыт ішінде ағылшын тіліндегі білімім айтарлықтай жақсарды. Еркін сөйлей бастадым, грамматиканы жақсы түсінемін, оқу мен жазу дағдыларым да едәуір дамыды. Сапалы білім мен қолдау үшін орталыққа үлкен алғысымды білдіремін!

 Елшат АБДУӘЛІ  «CleverKids» оқу орталығының оқушысы


Ағылшын тілі курсына үш жылдан бері қатысып жүрмін. Осы уақыт ішінде мен қалаған деңгейге жеттім. Ағылшын тілін өзім үшін үйреніп жүрмін және болашақта бұл білім маған міндетті түрде қажет болады деп ойлаймын. Баршаңызды «CleverKids» орталығына шақырамын!

 

Іңкәр ЖӘНЕН «CleverKids» оқу орталығының оқушысы

 

Мен клевер кидс орталығына 4 жасымнан бері қатысып келемін.Бұл тек сабақ өтетін орын емес,бұл менің 2ші үйім сияқты.Мұнда мен ағылшын тілін толық меңгеріп,еркін сөйлеп өз ойымды жеткіздіре аламын.Ағылшын тіліне деген қызығушылығым осы орталықта оянды.Ағылшын тілі менің өмірімнің бір бөлігіне айналды.Осының бәріне себепкер менің сүйікті ұстазым Раушан Өмірбекқызы.Ол бізге тек білім ғана емес, мейірім мен шабыт та береді.

 

Орталықта оқыту бес негізгі бағытта жүргізіледі: базалық курс, сөйлесу клубы, жеделдетілген курс, IELTS емтиханына дайындық және балалар мен ересектерге арналған арнайы бағдарлама. Сабақтар заманауи әдістемелерге, ойын элементтері мен белсенді коммуникацияға негізделген. Мұндай тәсіл балалардың тілді меңгеріп қана қоймай, еркін сөйлеп үйренуіне жол ашады. Ата-аналар да балаларының жетістіктерін байқап, білім беру сапасына жоғары баға беріп отыр.


Лаура ӘБДІКӘРІМОВА ата-ана


Бүгінгі клевер кидс орталығында жақсы демалыс болып жатыр.Менің 2 қызым барады осы орталыққа.Біз осы орталыққа келгенімізге жарты жыл уақыт болды.Сол уақытта бізде қатты өзгерістер болды.Жақсы ынтамен барады.Жақсы тілдер үйрену керек бала,ол әр ата-ананың арманы.Бүгінгі осындай жақсы мейрамда бізге оқу жылы аяқталған кезде жақсы осындай балаларға демалыс ұйымдастырғанына осы орталыққа да, Раушан мұғалімге де көп-көп рахмет айтамыз!Үміттерін ақтайтын көп шәкірттері болсын деп тілейміз.

 

Ашық аспан астындағы бұл мереке балаларға ерекше әсер мен қуаныш сыйлады. Мұндай оқу орталықтары баланың мамандық таңдауына, жаңа достар тауып, сенімді қанаттануына жол ашады. Мереке барысында оқушылар қызықты ойындар мен байқауларға қатысып, жыл бойы жинаған білімдері мен дағдыларын көрсетті. Ал, үздік нәтиже көрсеткен оқушыларға 10 айлық тегін оқуға арналған арнайы сертификаттар табысталды.


АЙДАНА БАЗАРБАЙҚЫЗЫ, АЙДОС ӨМІРБЕКҰЛЫ

«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ


 


Пікірлер (0)

пікір қосу