ЖАЗУ ЖАДЫНЫҢ КІЛТІ
Ulytautv 23-май, 10:38 0 ЖАҢАЛЫҚТАР / ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ
Конференцияны Ұлытау облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив істері басқармасы ұйымдастырды. Іс-шара ҚР Тіл саясатын дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында өткізілді. Жиынға еліміздің әр өңірінен келген тілтанушылар, тарихшылар, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттер қатысты.
Дүйсенкүл ҚОЖАХМЕТОВА оқу-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі
Баяндамашылар жазудың шығу тегі, тарихи маңызы және өркениетке әсері жайлы тың деректер ұсынды.Жазба ескерткіштер дәуірлер бойынша сараланып, түркі мен славян халықтарының ортақ мәдени байланыстары ғылыми тұрғыда талданды.
Зада ДҮКЕНБАЕВА тарих ғылымдарының докторы, тарих және қоғамдық ғылымдар академиясының академигі
Конференция соңында маңызды қарар қабылданды.Бірқатар қатысушылар алғыс хатпен марапатталды.Ұлытауда өткен бұл ғылыми басқосу-тарих пен мәдениетті насихаттаудың жарқын үлгісі.
АЙДАНА БАЗАРБАЙҚЫЗЫ, БЕКЖАН МАРАТҰЛЫ
«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ