ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦЕЙДІҢ БІР КҮНІ
Ulytautv 20-июн, 16:39 0 ЖАҢАЛЫҚТАР / ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ / ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫ
Көшедегі тыныштықты күзетіп, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін патрульдік полицей бір күнде сан түрлі жағдайды бастан кешіп жатады. Бүгінде бұл салада қала бойынша 45 қызметкер еңбек етсе, оның 25-і тәуліктік кезекшілікке түседі.
Бекзат БИЖАКСИНОВ Жезқазған қаласы ПБ патрульдік полиция ротасының взвод командирі
Олар таңан бастап кешке дейін ауа райының ыстығы мен суығына, тіпті өз мерекелеріне қарамастан кезекшілікте жүреді.Полицияда 10 жылдан астам қызмет атқарған Еркебұлан Бұхарбаев тәртіп сақшысы болуды әскерде жүргенде мақсат еткен. Әкесі де ішкі істер саласында қызмет атқарған. Әке жолын жалғаған Еркебұлан бүгінде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау жолында абыроймен еңбек етіп жүр.
Еркебұлан БҰХАРБАЕВ Жезқазған қаласы ПБ патрульдік полиция ротасының қызмет инспекторы
Өз өмірін қауіпке тігіп, өзгеге көмекке келуге дайын полицейлердің жұмысы оңай емес.Антқа адал, сертке берік олардың ұстанған қағидасы осы.
Еркебұлан БҰХАРБАЕВ Жезқазған қаласы ПБ патрульдік полиция ротасының қызмет инспекторы
Сондықтан ел дегенде елеңдеген полиция қызметкерлерінің еңбегі ерен екені анық. Айта кету керек, тәртіп сақшылары небәрі 2 сағат ішінде жол ережесін бұзған жүргізушілерге ескерту жасап, бірқатар әкімшілік хаттама толтырды. Сонымен қатар, кезекші бөлімнен түскен шұғыл хабарламалар бойынша оқиға орындарына барып, тиісті шаралар қабылдады.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ, АЙДОС ӨМІРБЕКҰЛЫ
«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ