ӘКЕ ТАҒЫЛЫМ-ТӘРБИЕ НЕГІЗІ

Ұлытау ТВ жаңалықтары

Биылғы форум дәстүрлі түрде ата-ана болу мәдениеті, бала тәрбиесі, олардың қауіпсіздігі мен денсаулығы, сондай-ақ отбасы мүшелерінің әл-ауқаты секілді маңызды мәселелерге арналды. Форум тақырыбы Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтай отырысында айтқан бастамалары мен басымдықтары негізінде айқындалды. Іс-шараға еліміздің әр өңірінен қоғам белсенділері, қоғамдық ұйым өкілдері мен мемлекеттік мекеме қызметкерлері қатысты. Қатысушылар отбасы институтын нығайту, әкенің отбасындағы рөлін арттыру және жас ұрпаққа үлгі болу мәселелері төңірегінде пікір алмасып, ұсыныстарын ортаға салды.


 

Сабыржан ТЕМБАЕВ Жезқазған қалалық қоғамдық кеңесінің төрағасы

 

Биылғы форумда біздің қозғайтынымыз жалпы әкенің отбасы ішіндегі рөлі, қоғамдағы рөлі әкенің. Бұған біз қандай септігімізді тигізе аламыз. Мысалы әкенің рөлі тек қана отбасында ғана емес, жұмыста ғана емес, қоғамдағы орны қандай екенін, жақсы әке деген кім екенін, ол қандай болу керек жақсы әке деген. Жақсы әке тулыады ма, жақсы әке тәрбиеленеді ме, жалпы жақсы әке қалай пайда болады деген көп сұрақтар ғой, соның шешу жолдары қарастырал деп ойлаймыз енді.

 

Әке — отбасының асыраушысы, тірегі, қамқоршысы. Әкенің отбасындағы орны — тек асыраушы ғана емес, рухани көшбасшы ретінде де аса маңызды. Форумның негізгі мақсаты да осы– отбасындағы әкенің рөлін нығайтып, ер азаматтардың бала тәрбиесіндегі белсенділігін арттыру және қоғамда жауапты әке бейнесін қалыптастыру.


 

Сабыржан ТЕМБАЕВ Жезқазған қалалық қоғамдық кеңесінің төрағасы

 

Жұмысшы мамандықтар жылы аясындағы әкенің тигізер септігі ғой енді. Екі қол, білек, күш. Көбінесе әкенің қолы тие бермейді бала тәрбиесіне. Өйткені ол еңбектегі әке. Мысалы біз шахтада болғаннан кейін, көбіне жеті қат жер астындамыз. Бірақ соның өзінде де баланың тәрбиесіне, отбасының шаруасына уақыт тауып,  көзді салып, қабақты салып отыру ол маған парыз екені белгілі.

 

Айта кетейік, форум Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның, сондай-ақ ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылды.


 

АЛМА СӘЛІМЖАНҚЫЗЫ, ДУМАН ОРАЗОВ

«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ


Пікірлер (0)

пікір қосу