Форумда ана мен балаға қатысты мәселелер талқыланды
Ulytautv 11-июн, 13:31 0 ЖАҢАЛЫҚТАР / ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ
Форумға келгендер алдымен аналар дайындаған көрмені тамашалады. Онда олар өз қолдарымен жасаған туындыларын көпшілік назарына ұсынды.
Қарлығаш ШАКЕНОВА форумға қатысушы
Форум жұмысына қоғамдық даму басқармасының басшысы Бақытжан Жайлаубаев сәттілік тіледі. Одан әрі баяндамаларға кезек берілді. Ана мен бала денсаулығы медицина саласының ең өзекті әрі көкейкесті мәселеслердің бірі екені анық. Денсаулық сақтау саласының мамандары ана мен баланың денсаулығына басымдық беру қажет дейді. Жас құрсақтың саулығы оның дүниеге келген сәтінен емес, құрсақтағы күтіміне байланысты екенін айтады. Сондай-ақ басқосуға көпбалалы аналарда да қатысып, ойларын ортаға салды.
Үмітгүл ТАШАЕВА форумға қатысушы
Самал САДЫҚОВА форумға қатысушы
Көпбалалы ана Самал Садықова біздің өңірде жас аналарға босанғаннан кейін қолдау көрсететін орталықтарды ашу керек деп ұсыныс білдірді. Шарада ерекше қажетілілігі бар балалардың мәселесі де қаралды. Ұйымдастырушылар осы форум арқылы ана мен баланың денсаулығы, отбасындағы тәрбие, әлеуметтік қолдау сынды маңызды тақырыптарға қоғам назарын аудартуды көздеді.
Гүлбану СЕЙТЖАНОВА қоғамдық келісім мекемесінің басшысы
Осылайша аналар өзара пікір алмасып, ұсыныстарын жеткізді. Форум соңында қатысушыларға арнайы марапаттар табысталды.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ, ДУМАН ОРАЗОВ
«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ