Ақ жаулықты аналар форумда бас қосты

Ұлытау ТВ жаңалықтары

«Аяулы әже» форумы «Әже – ұлт ұйытқысы, ұрпақ ұстазы» тақырыбымен өтті. Оған өңірдің қала-аудандарынан 50-ге жуық ақ жаулықты ана жиналды.Ұрпақтар сабақтастығы жарасым тапқан тәрбиелік мәні зор шарада қоғамдық даму басқармасының басшысы Бақытжан Жайлаубаев ризашылығын білдіріп, бірқатар әжеге облыс әкімінің алғыс хатын табыстады.


 

Бақытжан ЖАЙЛАУБАЕВ  қоғамдық даму басқармасының басшысы

 

Қазақта ата-әжесінің тәрбиесін көрген бала зерек болады. Айналасына да ерекше көзқарасымен қарап, үнемі ізденіс үстінде жүреді. Әже-отбасының алтын қазығы,өмірден көргені мен түйгені мол әжелеріміздің тәрбиелеген баланың тілі де тез шығады. Өтйкені әже тәрбиелеген бала сөздің мәнін түсінеді.

 

Ұрпағы үлгілі елдің әрқашан болашағы зор болады» дейді шараға жиналғандар.Отбасындағы тәрбие-әр адамның өмірлік азығы. Ал бұл  әке мен ананың қарым-қатынасынан басталып, әженің ақылымен жалғасады. Басқосуда, сондай-ақ, ұлттық салт-дәстүрді насихаттап, жастар тәрбиесімен айналысып, ана мен баланы қорғауға үлес қосып жүрген «Ақ әжелер» ансамблі мен Аналар кеңесінің қызметі жайлы да айтылды.


 

Бикен АБЕЕВА форумға қатысушы          

 

Мен Сәтбаев қаласынан келіп тұрмын. Ақ әжелер ансамблінің мүшесімін. Біз әжелер Сәтбаев қаласындағы мектептерге барып жоғары сынып оқушыларымен кездесу жасаймыз. Сондағы қыз балалармен сөйлесеміз. Кеңестерімізді береміз. Балаларымыз бақытты болсыншы.

 

Қайша ӘБСӘДІРОВА форумға қатысушы

 

Бүгінгі форумға келіп қатысып тұрмын. «Алтын оймақ» әжелерінің мүшесімін.  Іс тігіп отырғанда кішкентай немерем бар 6 жастағы инемді сабақтап береді,ою ойып жатсам макетін сызып береді. Сондай-сондай өздері де үйреніп жатыр.

 

Рухани кештің тағлымы терең, ғибраты мол болды. Форум соңында ұрпақтар сабақтастығын сақтауда ерекше еңбегімен көзге түскен белсенді қатысушыларға «Құрметті ардагер» төсбелгілері мен Ұлытау облысының ардагерлер кеңесінің алғыс хаттары табысталды.


 

ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ, АЙДОС ӨМІРБЕКҰЛЫ

«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ


Пікірлер (0)

пікір қосу