МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІНІҢ БІР КҮНІ

Ұлытау ТВ жаңалықтары

Қала тіршілігінің тыныштығы – көзге көрінбейтін тынымсыз еңбектің нәтижесі. Тұрғын үйлердің жағдайы, жылумен қамту, апатты үйден тұрғандарды көшіру, әлеуметтік топтарды баспанамен қамту – мұның бәрі тұрғын үй инспекциясы бөлімінің күнделікті жұмысы.Бұл бөлімге басшылық етіп жүрген – тәжірибелі маман, өз ісіне адал мемлекеттік қызметші – Алиса Сағымбаева.Ол инженер-құрылысшы мамандығын игеріп, алғаш еңбек жолын құрылыс жобалау саласында бастады.Кейін жылжымайтын мүлікті тіркеу, жер қатынастары сынды жауапты салаларда жұмыс істеді. 2018 жылдан бері Жезқазған қаласы тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы қызметінде.30 жылдан аса еңбек жолында ол қарапайым маманнан мемлекеттік басқару деңгейіне дейін өсті.

 

Алиса САҒЫМБАЕВА қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы

 

Мен енді қиындық деп әрбір адамның өзінің жұмысында бір қиындық болатын шығар,оған мән бермеу керек.Ең басында біз мемлекеттік қызметке тұрғанда біз өзіміз білеміз сондай қиындық болады,шектеулер өзіміздің қол қоямыз соған.Иә білеміз осындай қиындық деп,сол себеппен біз мемлекеттік қызметке келеміз.Сол себептен мынау қиын деп айта алмаймын. Сын-пікірлер болғанда олардың бәрін қабылдау керек. Сол біздікі жаңағы жұмысымыздағы ең маңызды деп ойлайтын есебім түсіндіру жұмыстарды жалғастырып күшейту керек деп ойлаймын.

 

Алиса Сағымбаева басқаратын бөлім үш негізгі бағытта жұмыс істейді: үйлерді жылыту маусымына дайындау, тұрғындардың арыз-шағымдарын қарау және кезекте тұрған азаматтарды пәтермен қамту. Былтыр 93 азамат баспаналы болса, биылдың өзінде 20-дан астам адамға жалдамалы пәтер кілті табысталды. Қаладағы 138 апатты үйді реновациялау бойынша кешенді жұмыс басталып, инвесторлар тарту арқылы жаңа тұрғын үйлер салу жоспарлы түрде іске асуда. Сондай-ақ, жалға берілген пәтерлерді жекешелендіру бойынша да нақты жұмыстар қолға алынған. Мұның барлығы – халық игілігі үшін атқарылып жатқан жүйелі жұмыстың нәтижесі.


 

Алиса САҒЫМБАЕВА қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің  басшысы

 

Мен жастарға айтатын кеңесім мемлекеттік қызмет жастарға өте дұрыс деп ойлаймын.Себебі олар өздерінің білімін жоғарылатуға өте жақсы мүмкіндік бар.Ұлытау облысында неше түрлі бағдарламалар бар,соны бәрін оқуға болады және адамдармен сөйлесу адамгершілік солардың бәрін сондай мінездері болу керек деп ойлаймын.Ең бірінші жаңағы өзінің білімін жоғарылатуға мүмкіндік болады

 

Мемлекеттік қызмет – бұл ел алдындағы жауапкершілік.Алиса Сағымбаева үшін басты қағида – заңды сақтау, сабырлылық және адамгершілікпен қарау.Ол әр мәселені тек заң аясында қарап, әділ шешім қабылдау қажет екенін айтады.Қызмет барысындағы қиындықтарға мойымай, осы ұстанымның арқасында бүгінгі күні халық сеніміне ие білікті басшы ретінде танылып отыр.


 

АЙДАНА БАЗАРБАЙҚЫЗЫ, ДУМАН ОРАЗОВ

«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ


Пікірлер (0)

пікір қосу