СӘТБАЕВТА БЕЛГІСІЗ ЕР АДАМ ӘЙЕЛГЕ ТАП БЕРГЕН

Ұлытау ТВ жаңалықтары

Сәтбаев қаласындағы тұрғын үйлердің бірінде белгісіз ер адам әйелге тап беріп, сүйрей жөнелген. Ол сәт бейнебақылау камерасына түсіп қалған.Ер адам қыздың аузын қолымен жауып, баспалдақтан сүйреп, еденге лақтырады. Артынша қыз айғайлап, қарсылық білдіреді, содан кейін ер адам үйден жүгіріп шығып кетеді. Осы кезде бірінші қабаттағы пәтерден бір әйел шығады. Қыздың айтқанынан кейін ол ер адамның артынан жүгіре жөнеледі. Ұлытау облыстық полиция департаменті бұл жағдайды растады. Күдікті ұсталып, қылмыстық іс қозғалды.


 

Асқар ДЮСЕБАЕВ Ұлытау облысы ПД КПБ бастығы

 

Әйел адамға шабуыл жасау дерегі бойынша Сәтбаев қаласы полиция бөлімі қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері жедел іздестіру шаралары барысында күдіктіні ұстады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.

 

ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ, БЕКЖАН МАРАТҰЛЫ

«ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ


Пікірлер (0)

пікір қосу

ҚАРАЖАЛ ҚАЛАСЫ

показать еще