МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ОРНАЛАСУДЫҢ ЖАҢА ЖҮЙЕСІ

Ұлытау ТВ жаңалықтары

Жаңа жүйе – Ұлытау облысында да жемісті жүзеге асырылуда. Жүйенің тиімділігінің арқасында бұрынғы қағазбастылық жойылған және цифрлық технологиялар оңтайлы пайдаланылған.


 

Биылғы жылдың қаңтар айынан бастап Ұлытау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне аталған жүйе арқылы мемлекеттік қызметке Әмина Өмірбек пен Разия Бекжанова сынды жалынды жастар қабылданған...


 

Разия Бекжанова, Ұлытау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы

 

Иә, кейінгі жылдары мемлекеттік қызметке орналасу тәртібі оң жолға қойылды. Мұның барлығы мемлекеттік қызмет саласындағы тың реформалардың арқасында деп білемін. Сонымен қатар, көптеген қызметтердің онлайн қол жетімділігі де өз әсерін беруде.

 

Шілде айынан бастап іріктеудің жаңа жүйесі ҰЛЫТАУ облысының жергілікті атқарушы органдарында да енгізілетін болады.


 

Қазіргі таңда, бүкіл процестер толықтай автоматтандырылуда.


Бұл ретте, «Е-kyzmet» порталындағы конкурстық рәсімге үміткерлер мемлекеттік органға келмей, үйден отырып-ақ қатысуға мүмкіндік алады.


 

Мұқағали Сейтқазы, Думан Оразов

«ҰЛЫТАУ» телеарнасы

 


Пікірлер (0)

пікір қосу

ҚАРАЖАЛ ҚАЛАСЫ

показать еще