ГАЗЕТ ТЫНЫСЫ
Ulytautv 25-июн, 10:20 0 ЖАҢАЛЫҚТАР / ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ
Ұжымның байыпты да ұйымдасқан тірлігінің арқасында басылым байырдан оқырмандардың ықыласына бөлене білген. Оның алғашқы саны 1997 жылы 12 қазанда жарыққа шықты.Жезқазған мен Сәтбаев қалаларының ақпарат кеңістігінде газет өз орнын бірден тапты. Ол бастан-ақ шынайы әрі терең ойлы басылым ретінде танылды.Әсіресе қарапайым еңбек адамдарын, жұмысшылар мен қала тұрғындары туралы жазуға басымдық берді. Тек жаңалық жеткізіп қана қоймай, сол жаңалықтың астарына үңіліп,әрбір деректің мән-мағынасының ашылуы газеттің басты ұстанымы.
Нина БАРБУТЬКО «Подробности» газетінің бас редакторы
Ақпарат нарығы жыл сайын жаңарып, бәсекелестік артып келе жатса да, «Подробности» өз бағытынан айныған емес. Қоғамдағы түйткілді мәселелерге терең бойлап, мазмұнды мақалалары мен кәсіби тілшілерінің арқасында халықтың ықыласына бөленіп келеді. «Подробности» газеті аптасына 1 рет 2500 таралыммен шығып тұрады.Бүгінде Нина Барбутько жетекшілік ететін ұжымда 6 маман жұмыс істейді.
Людмила УЛЬРИХ «Подробности» газетінің журналисі
Ширек ғасырдан астам уақыт өтті. Қоғам өзгерді,техника дамыды, журналистер мен оқырмандардың буыны ауысты.Бірақ бір дүние өзгерген жоқ - «Подробности» газеті ақиқат пен халық арасындағы сенімді көпір болып қала берді.
АЙДАНА БАЗАРБАЙҚЫЗЫ, АЙДОС ӨМІРБЕКҰЛЫ
«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ