«ҰЛАР» СЫЙЛЫҒЫ ТАБЫСТАЛДЫ
Ulytautv 26-июн, 16:11 0 ЖАҢАЛЫҚТАР / ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ
Жалпы, аймақта халыққа шынайы, жан-жақты хабар тарататын 20-ға жуық бұқаралық ақпарат құралы бар. Жақсылық жаршыларын салтанатты түрде құттықтаған облыс әкімі Дастан Рыспеков төртінші билікті төрге оздырып, өңірдің өркендеуіне өзіндік үлестерін қосып жатқан әріптестерге ерекше ілтипат білдірді.
Дастан РЫСПЕКОВ Ұлытау облысының әкімі
Салтанатты шара ақпарат саласының ардагерлеріне құрмет көрсетумен жалғасты. Облыстық телеарна ардагері Шамхан Рахметов ҚР Құрмет орденімен ,«Жаңаарқа» газетінің бас редакторы Салтанат Ералина, Ерен еңбегі үшін медалімен марапатталады. 3 тілшіге Ақпарат саласының үздігі төсбелгісі тапсырылды. Айта кету керек, арнамыздың режиссері Аманкүл Арымбекова бұл күні «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды. Ол 45 жылға жуық телеарнада еңбек етіп келеді.
Көпшілік тағатсыздана күткен сәт те келіп жетті. Облыс әкімінің «Ұлар» сыйлығы әдеттегідей 12 аталым бойынша тапсырылды.Қомақты ақшалай жүлдеге тек журналистер емес, үнемі кадр сыртында жұмыс істейтін фототілші,техника қызметкерлері мен телеоператорлар да ие болды. Бұл жолы да арнамыздың мерейі үстем болды. «Жылдың үздік шығармашылық жұмысы» - арнаның тілшісі Мұқағали Сейтқазыға бұйырса, бас операторымыз Думан Оразов «Мәнер мен атқарымдылық үшін» номинациясында топ жарды.
Думан ОРАЗОВ «Ұлар» сыйлығының лауреаты
«Мамандыққа адалдығы үшін» аталымында- «Подробности» газетінің директоры Нина Барбутько оза шапса,«Экономика тақырыбын үздік жариялағаны үшін» номинациясын - «Мысты өңір» газетінің тілшісі Әлібек Әбдірашев алды. «Өзекті мәселелерді үздік жариялағаны үшін«Ақшам» телеарнасының тілшісі Наргиз Сапарова марапат биігіне көтерілсе, «Шаңырақ»атылымында «Saryarqa» газетінің бас редакторы Жаннұр Тілемісова жеңімпаз атанды. «Әлеуметтік тақырыпты үздік жариялағаны үшін» номинациясымен Қазақстан журналистер одағының Ұлытау облысы бойынша филиалының атқарушы хатшысы Изтөлеу Түсіпов марапатталды. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы үздік материал» аталымын «Жезказганский вестник» газетінің бас редакторы Эльвира Алпанбаеважеңіп алды. «Өндіріс тақырыбын үздік жариялағаны үшін» «Қазыналы өңір» газетінің тілшісі Гаухар Наурызбаева лайық деп танылса, , «Ауыл тақырыбын үздік жариялағаны үшін» «Жаңаарқа» газеті редакциясының бас редакторы Салтанат Ералина құрмет көрсетілді. «Заң мен тәртіп қағидатын үздік жариялағаны үшін» номинациясына Сәтбаев қалалық «Шарайна» газеті редакциясының тілшісі Марал Шахаева ие болды. «Мәнер мен атқарымдылық үшін» номинациясы «Аймақ ақшамы» газетінің дизайнері Венера Қабиеваға берілді. Барлық үміткерлерге 500 мың теңгеден сыйақы берілді. Басты аталым - «Ұлытау облысының журналистикасын дамытуға қосқан үлесі үшін» арнайы сыйлығы мен 1 млн.теңгенің сертификаты Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, «Мысты өңір» газетінің журналисі, Шахмұрат Ибадатов пен «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстанның құрметті журналисі, «Ұлытау» газетінің тілшісі Мағзұмбек Машайықұлына табысталды.
Шахмұрат ИБАДАТОВ «Ұлар» сыйлығының лауреаты
Сонымен қатар, ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің, облыс әкімдігінің құрмет грамотасы мен алғыс хаттары иелеріне табысталды.Салтанатты шара мерекелік көңіл күймен мәреге жетті.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ, АЙДОС ӨМІРБЕКҰЛЫ
«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ