БАҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Ұлытау ТВ жаңалықтары

Қалам мен қағаз, камера мен микрофонды серік еткен жандар үшін бұл күннің маңыздылығы ерекше. Билік пен халықтың дәл ортасындағы алтын көпір саналатын БАҚ өкілдерін кәсіби мерекемен алдымен Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары Берік Әбен құттықтап, үздіктерге  қала әкмінің Құрмет грамоталары мен алғыс хаттарын табыс етті.


 

Берік ӘБЕН Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары

 

Сіздердің ерең еңбектеріңіз біздің осы билік пен халықтың арасындағы алтын көпірді құруға тікелей байланысты.Ақиқат ақпаратты қалың қауымға жеткізесіздер және де осы халықтың үнін билікке жеткізесіздер.Сіздердің журналистика деген мамандықтарыңыз кәсіп қана емес, жүрегімен сезініп атқаратын қызмет деп білеміз. Шығармашылық табыс тілеймін.

 

Салтанатты шарады қалалық мәслихаттың, «Республика» партиясының және «КәсіпҚорған» кәсіподақ ұйымының алғыс хаттары мен Құрмет грамоталары тапсырылды. Марапат иелерінің қатарында – «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, «Мысты өңір» газетінің жауапты хатшысы Ізтай Белгібай бар.


 

Ізтай БЕЛГІБАЙ  «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, «Мысты өңір» газетінің жауапты хатшысы

 

Баспа газеттерінің журналистерінің иеленуі үлкен құрмет деп отырмын. 80 жылдан бері ақпарат саласында еңбек етіп келе жатырмын.Ерен еңбегі үшін меділн иелендім былтыр президент қолынан бұл да мен үшін үлкен құрмет.

 

Іс-шара аясында ерекше орын алған сәт — Базарбай Әлеуханұлы атындағы арнайы сыйлықтың табысталуы. Ақын,сатирик, журналистке деген құрмет ретінде бұл марапатты әріптестері мен шәкірттері биыл алғаш рет тағайындады. Сыйлықтың алғашқы иегерлері Қазақстанның құрметті журналисі Амандық Рахұлы, «Сарыарқа» газетінің тілшісі Еркебұлан Камалиев және «Жаңаарқа» басылымының журналисі Қуаныш Төлеутай атанды.


 

Салтанатты жиын барысында Жезқазған қаласы әкімінің арнайы сыйлығы да табысталды. Бұл марапат — өңірдегі жетекші бұқаралық ақпарат құралдарының ұжымдық еңбегіне берілген лайықты бағалау. Сыйлық иегерлері қатарында «Ұлытау» телерадиокомпаниясы, «Жезқазғанский вестник», «Мысты өңір», «Сарыарқа» және «Подробности» газеттерінің ұжымдары бар. Барлық редакцияларға ақшалай сыйлық берілді.


 


ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ, АЙДОС ӨМІРБЕКҰЛЫ

«ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ


Пікірлер (0)

пікір қосу