АҚ ХАЛАТТЫ АБЗАЛ ЖАНДАР МАРАПАТТАЛДЫ
Ulytautv 13-июн, 13:01 0 ЖАҢАЛЫҚТАР / ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ
Бұл күн – дәрігерлер, медбикелер, санитарлар жалпы денсаулық сақтау саласының барлық қызметкерлері үшін ерекше мәнге ие. «Жезқазған» медициналық орталығының директоры Дәурен Аманқұлов денсаулық сақтау саласы қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен арнайы құттықтады.
Дәурен АМАНҚҰЛОВ «Жезқазған» медициналық орталығының директоры
Мерекелік шараның ең ерекше сәті – ақ халатты абзал жандарға лайықты марапаттарын табыстау болды. Адал еңбегі мен кәсіби біліктілігі және халыққа көрсеткен сапалы медициналық көмегі үшін бірқатар мамандарға “Жезқазған” медициналық орталығы, «Кәсіп Қорған» салалық кәсіподағы, “Жастар болашағы” қоғамдық бірлестігі мен “AMANAT” партиясының облыстық филиалының атынан Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттар табыс етілді.
Мереке ТҰРМАНОВА Жезқазған медициналық орталығының аға мейірбикесі
Құлжаған НИЯЗАЛИНА «Жезқазған» медициналық орталығының мейірбикесі
Салтанатты іс-шара концерттік бағдарламамен жалғасты. Кеш қонақтарына жергілікті өнер ұжымдары мен Тайжан Қалмағамбетов атындағы облыстық филармония әртістері өнер көрсетті.
АЛМА СӘЛІМЖАНҚЫЗЫ, АЙДОС ӨМІРБЕКҰЛЫ
«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ