САЛАУАТТЫ ҰРПАҚ-ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ
Ulytautv 30-июн, 10:39 0 ЖАҢАЛЫҚТАР / ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ
Облыста есірткімен байланысты құқықбұзушылықтарға қарсы жүйелі жұмыс жүргізілуде.Жыл басынан бері 58 есірткіге қатысты қылмыстық іс тіркеліп, бір есірткі зертханасы анықталған. Есірткі сатудың 16 фактісі тіркеліп,заңсыз айналымнан 3 келіге жуық түрлі есірткі заттары тәркіленді. Сонымен қатар, нашақорлықты насихаттайтын 550 интернет-сайт пен 1200-ден астам банк картасы бұғатталған.
Ерлан ОСПАНОВ Ұлытау облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы
Биыл облыс бойынша 400-ден астам ақпараттық-насихаттық және спорттық іс-шара ұйымдастырылған. Соның ішінде жастардың қатысуымен есірткі жарнамасы бар граффитилерді жою, түсіндіру жұмыстары сынды акциялар тұрақты түрде өткізіліп келеді.Осы бағыттағы белсенді еңбегімен көзге түскен еріктілер де марапатқа ие болды.
Жанар КЕҢЕС ерікті
Фатима ТАЛҒАРҚЫЗЫ ерікті
Мерекелік кеште театрландырылған қойылым, флешмоб, кинологиялық қызметтің көрсетілімі болып, эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерт өтті. Сахнаға шыққан өнер ұжымдары мен полиция қызметкерлерінен құралған шығармашылық топтар көрерменге салауатты өмір салтының маңызын өнер арқылы жеткізді.Айта кетейік, бүгінде облыс бойынша нашақор ретінде 168 адам есепте тұр. Оның 148-і-ер азамат, 20-сы-әйел. Жасөспірімдер арасында тіркелген жағдай жоқ.
АЙДАНА БАЗАРБАЙҚЫЗЫ, АЙДОС ӨМІРБЕКҰЛЫ
«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ