ЕСІРТКІГЕ ҚАРСЫ СУРЕТ БАЙҚАУЫ
Ulytautv 05-июн, 16:45 0 ЖАҢАЛЫҚТАР / ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ
«Есірткіге қарсымыз» тақырыбындағы байқауға 4-7 сынып аралығындағы оқушылар қатысты.Түрлі техникада орындалған 80-нен астам сурет көрме ретінде көпшілік назарына ұсынылып,үздік туындылар қазылар алқасының шешімімен марапатқа іріктелді.
Наурызбай ЕСІРКЕП Ұлытау облысы прокурорының көмекшісі
Жас өрендер қылқалам арқылы есірткінің қоғамға тигізер зиянын бейнелеуге тырысты.Әділқазылар әр жұмысты көркемдік деңгейі,техникалық шеберлік пен тақырыпты ашу дәрежесіне қарай бағалады.
Наталья ВИШНЯК қазылар алқасының мүшесі
Байқауда озық шыққан оқушылар дипломдармен және қаржылай сыйлықтармен марапатталады.Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай байқаулар балалардың ой санасын тереңдетіп,зиянды әдеттерден алшақ болуына ықпал етеді.
АЙДАНА БАЗАРБАЙҚЫЗЫ, АЙДОС ӨМІРБЕКҰЛЫ
«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ