СУРЕТ САЛУ БАЙҚАУЫ

Ұлытау ТВ жаңалықтары

Балалар түрлі-түсті бормен туған жерге деген махаббатын бейнелеуге тырысты.Олардың қиялынан туған суреттерде аспан,күн,гүлдер мен мемлекеттік рәміздер көрініс тапты.Мұндай шаралар бүлдіршіндердің шығармашылық қабілетін дамытып,Отанға деген сүйіспеншілікті арттырады.


 

Айткүл МАШАХАЕВА Жезқазған қалалық аналар кеңесінің мүшесі


 

Балалар қандай тамаша!Адамның жүрегін жаулап алып тұр балалар.Бәрінің салып жатқан суреттері Қазақстан туралы.Қазақстанның гербын салып жатыр, Қазақстанның туын салып жатыр,Қазақстан туралы не біледі соның бәрін салып жатыр өздерінше. Соның өзі біздің жүрегімізді қандай қуантады. Балаларымыз еркін өмір сүріп,жақсы жағдайда аңсаған армандарына жете берсін дейміз.

 

Үздік деп танылған жұмыстар арнайы марапаттарға ие болды. I, II және III орын иегерлеріне қала әкімдігінің грамоталары мен естелік сыйлықтар табысталды.


 

Артем ДОЛГОВ 1 орын иегері

 

Мен бүкіл планетаны, Бәйтеректі және «1 маусым» деген жазуды салдым. Екінші суретімде де Бәйтерек, аспан, құстар мен гүлдер бар. Табиғатты жақсы көремін. Бұл – менің төртінші байқауым.

 

Влада ГЕЦ 2 орын иегері

 

«Менің Отаным – Қазақстан» тақырыбында сурет салдым. Онда жүрек, күн және Қазақстан туы бейнеленген. Осы арқылы туған еліме деген махаббатымды білдіргім келді. Қазақстан – менің сүйікті Отаным.

 

Сондай-ақ барлық қатысушылар тәтті сый-сияпатқа ие болды. Шара соңында балалар өлең оқып, ән шырқап, мерекелік көңіл күйге бөленді.


 

АЙДАНА БАЗАРБАЙҚЫЗЫ, БЕКЖАН МАРАТҰЛЫ

«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ


Пікірлер (0)

пікір қосу

ҚАРАЖАЛ ҚАЛАСЫ

показать еще