БАЛҒЫНДАР БАЛАБАҚШАМЕН ҚОШТАСТЫ

Ұлытау ТВ жаңалықтары

Қолында гүл, жүзінде күлкі. Қызыл кілем үстінде – балабақшамен қоштасып жатқан бүлдіршіндер. Бүгін – олардың жұлдызды сәті. Былдырлап тіл үйренген сәтінен бастап осы тәрбие ордасында өскен балалар енді мектепке баруға дайын.Ертеңгілікте балалар ән айтып, би билеп, түрлі көріністер қойды. Тәрбиешілермен бірге дайындаған өнерлері – жиналғандардың көңілінен шықты.Тақпақтарын жатқа айтып, сахнада еркін қозғалған балақайлар бойы да, ойы да өскенін көрсетті. Енді олар – мектеп табалдырығын аттағалы тұрған болашақ оқушылар.


 

Алмира КАДЫРБАЕВА  «Балбөбек»  балабақшасының директоры

 

Бүгін мінекей біздің Жезқазған қаласы Балбөбек балабақшасында бүлдіршіндермен қоштасу сәті болып жатыр.Барлықтары да өздерінің алған білімдерін енді ары қарай мектепке барып жалғастырады.Олар біздің тек қана өздерінің білімді,тәрбиелі,өнегелі балалар екендігін көрсете біледі деген үміттеміз.Балаларымыз жан-жақты жарыстарға қатысып жүрген балалар.

 

Мерекелік кешке Жезқазған қалалық аналар кеңесінің өкілдері арнайы шақырылған.Олар бүлдіршіндерді мерекемен құттықтап,жылы лебіздерін білдірді.


 

Қаниса ТЕЛҒОЗИНА Жезқазған қаласының аналар кеңесінің төрағасы

 

Мынау оқу жасына енді шығарып салып жатыр балабақша ұжымы.Өте жақсы көңіл күйде,өте керемет тамаша өтті. Мынау біз Жезқазған қалалық аналар кеңесінің бағдарламасы бойынша балалар күніне орай Бақытты балалар-бақытты ел деген балалармен осындай іс-шара өткізуге арнайы дайындалып келдік. Жасөспірім бүлдіршіндерімізге алдағы уақытта сәт сапар тілеп, ұзақ ғұмыр тілейміз.

 

Бұл кеш ата-аналар үшін де толқуға толы болды.Себебі кеше ғана балабақша табалдырығын аттаған балақайлар бүгінде жаңа белеске қадам басқалы тұр.Олар балаларының балабақшадан алған тәрбиесіне ризашылықтарын білдірді.


 

Қызғалдақ БАЙЖАНОВА ата-ана

 

Өте көңілді, өте жарқын түрде өтті. Толқынышпен айтып тұрмын. Осы балабақша ұжымына үлкен алғыс білдіремін. Менің балам шыңдалып шықты. Жақсы жағынан көрсетті өзін. Басқа қырларын аштық.Өзіміздің апайларымызға Арайлым Тастайқызына және Арайлым Аманжолқызына үлкен алғысымды білдіремін.

 

Озық, заманауи  тәжірибеге сүйенген «Балбөбек»  балабақшасының ұжымы мектепалды білім беру сапасын күшейтуді жалғастыра бермек.Айта кетейік, бүгінде бұл тәрбие ордасында 260 бүлдіршін тәрбиеленуде.

 

АЙДАНА БАЗАРБАЙҚЫЗЫ, ДУМАН ОРАЗОВ

«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ


Пікірлер (0)

пікір қосу

ҚАРАЖАЛ ҚАЛАСЫ

показать еще