ҮЗДІКТЕР ШЕРУІ
Ulytautv 22-май, 10:40 0 ЖАҢАЛЫҚТАР / ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ / ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫ
Айтулы іс-шара 2024-2025 оқу жылының қорытындысы бойынша білім мен ғылымды, спортты серік еткен дарынды, қабілетті оқушылардың бір жылдық еңбектерінің бағасын берді. Айта кетейік, 1993 жылы іргетасы қаланған білім ордасынан сол уақыттан бері 1200-ге жуық түлек қанат қаққан. Биылғы оқу жылында 235 түлек мектеппен қоштасып, 44-і жаңа оқу жылына қабылданған.
Нұркен МАМАНОВ №3 Білім-иновация лицей-интернатының директоры
Сонымен, 7-9 және 10-11 сыныптар арасындағы байқаудың қорытындысы бойынша «Тазалық жаршысы», «Үздік көңіл кеші» ,«Үздік оқырман», «Үздік дебатер» номинациялары берілді. Ал, «Жыл оқушысы» номинациясымен Олжас Берікқара және Нұрасыл Тұрсынхан марапатталды.
Нұрасыл ТҰРСЫНХАН «Жыл оқушысы» номинациясының иегері
Сонымен қатар, «Жыл олимпиадашысы» , «Жыл белсендісі», «Жыл волонтері», «Жыл жаңалығы», «Жыл өнерпазы» ,«Жыл спортшысы» номинациясылары да иелеріне тапсырылды.
Айнұр ҚОЖАХМЕТ ата-ана
Сондай-ақ, ұстаздар мен тәрбиешілер де назардан тыс қалмады. «Үздік мұғалім», «Үздік тәрбиеші», «Үздік сынып жетекші» сияқты марапаттарға ие болды. Лицейдің дамуына үлес қосқан ата-аналар мен демеушілер, Парламент мүшелері де арнайы алғыс хаттар алды. Мерекелік кеш, оқушылар дайындаған концертпен түйінделді.
АЛМА СӘЛІМЖАНҚЫЗЫ, ДУМАН ОРАЗОВ
«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ