НАШАҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ

Ұлытау ТВ жаңалықтары

Кеңес республикалық деңгейде ұйымдастырылды. Оған еліміздің әр өңірінен видеоконференциялық байланыс арқылы нашақорлықтың алдын алу және есірткі қылмыстарына қарсы күрес жөніндегі кеңес мүшелері қатысты.  Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленов атқарылған жұмыстарға тоқталып, кеңестің маңыздылығын атап өтті.                                                         


 

Ал, біздің өңірдегі кеңес өз жұмысын жалғастырды. Облыстық Полиция департаментінің бірінші орынбасары Ербол Қайрбеков жұмысты одан әрі жетілдіріп, іс-шаралар жоспарының ауқымын кеңейту қажеттіггін айтты. Жалпы,1-жартыжылдықта  облыс көлемінде нашақорлықпен күрес бойынша 500-ге жуық шара өткен,еріктілермен бірлесіп есірткі жарнамасы бар 115 граффити жазуы жойылған.Сонымен қатар жыл басынан бері өңірде есірткіні сату,өсіру бойынша 60 қылмыс тіркеліп,бір есірткі зертханасы әшкереленген және есірткі сату фактілері бойынша 16 қылмыс анықталған.


 

Ерлан ОСПАНОВ Ұлытау облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы

 

Енді қазіргі уақытта «Қарасора» жедел профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр, облыс бойынша біз 5 шеп бекетін құрдық. Осы 1 айдың ішінде 25 есірткі қылмысы анықталды. Оны алтауы қарасораны егу. Биыл профилактикалық жыл болғандықтан өз тарапымыздан жұмыстарды жалғастырамыз.

 

Кеңес мүшелері іс-шараларға жастардың барынша атсалысуы маңызды екенін атап өтті. Себебі оларды түрлі акцияларға, концерттер мен байқауларға белсенді қатыстыра отырып, есірткі қылмысының алдын алуға болады. Бұл ретте әлеуметтік желінің де маңызы зор.


 

Сәкен ҚАЙРАТ нашақорлыққа қарсы күрес жөніндегі кеңестің мүшесі

 

Жалпы енді менің ұсынысым жастардың көбі әлеуметтік желілерде белсенділік танытқаннан кейін барлық әлеуметтік желілердегі қосымшаларда осы есірткі қылмысын алдын алуға контентті көбейту керек. Ақпараттық күрес деген маңызды нәрсе, сондықтан жастарға осы әлеуметтік желі арқылы ақпаратты кеңінен тарату қажет деген ұсыныс жасап жатырмыз.

 

Сондай-ақ интернет ресурстардағы нашақорлықты насихаттайтын 550 сайтқа тосқауыл қойылған. Антифрауд желісі бойынша 1200 счет картасы бұғатталған.



ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ, ДУМАН ОРАЗОВ

«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРАНСЫ

 


Пікірлер (0)

пікір қосу