МЕРЕЙЛІ МЕРЕКЕЛЕРГЕ АРНАЛҒАН КЕШ

Ұлытау ТВ жаңалықтары

Қос мерекені ұштастырған бұл шарада ұлттық аспаптың қадірі мен Астананың айбыны қатар дәріптелді. Алаңға жиналған халықтың қарасы қалың болды. Сахна төрінде Қарақат өнер мектебі, «Алтын орда» және «Кеншілер сазы» ансамбльдері мен филармония әртістері өнер көрсетіп, жұртшылықтың ыстық ықыласына бөленді.


 

Медет МУКАЖАНОВ, Ұлытау облыстық мәдениет,тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысының орынбасары

 

Біріншіден жалпы қазақстандықтарды және өзіміздің ұлт ұясы Ұлытау облысының тұрғындарын бүгінгі келіп жеткен ұлттық мұрамызды дәріптейтін домбыра күнімен және де домбыра күнімен тұспа-тұс келген астана күнімен шын жүректен құттықтағым келеді.Бұл жерде біздің басты мақсатымыз осы ұлттық аспабымызды мына айтадығой нағыз қазақ қазақ емес,нағыз қазақ домбыра деп, сол домбырамызды ұлықтау,әрі қаратай ұлттық мұрамызды кеңінен несихаттау.

 

Домбыра-қазақтың жан серігі. Оның қоңыр үнімен тербеліп, талай ән мен жыр ұрпақтан ұрпаққа жетіп келеді. Бұл кеш те сол дәстүрдің жалғасы болды.


 

Ғалым МҰХАМЕДИН, ҚР Еңбек сіңірген әртісі

 

Жалпы қазақтың қай үйде болсын бір домбыра әр үйде тұру керек қой осы домбыра.Сонда ғана біз жақсылыққа жетеміз және де домбыраны тартқан адам,домбырамен ән айтқан адамдардың жүрегі кеңдеу болад,мейірімді болады.Үйткені мынау домбыра музыка деген мынаның үні біздің қазақтың жанында бар, қанында бар деп ойлаймын.

 

Кеш барысында алаңда ұлттық тағамдар мен қолөнер бұйымдарының көрмесі де ұйымдастырылды.Балаларға арналған шығармашылық алаңдар жұмыс істеді. Концертті тамашалауға тек жергілікті тұрғындар ғана емес, алыстан арнайы келген қонақтар да қатысты.


 

Жанар БЕЙСЕН Астана қаласының тұрғыны

 

Осы Астана қаласының тойы бүгін Жезқазған қаласында Жезқазғанның орталығында тойланып жатыр екен.Керемет концерт болып жатыр.Мен өте қуаныштымын.Бүгінгі күннің Астана мерекесі,домбыра күнімен Ұлытау облысының тұрғындарын құттықтаймын және барлық жақсылықтарды осы өмірімізде бақыт болсын,барлық жетістіктерге жете берейік.Сондықтан көп рахмет сіздерге.

 

Ақнұр НҰРМАҒАНБЕТОВА, қала тұрғыны

 

Бүгінгі концерт өте жоғары деңгейде өтіп жатыр.Әсіресе балалардың домбырада ойнаған күйлері,өнерпаздардың орындаған әндері өте жақсы ұнап жатыр.Барлық Ұлытау облысының тұрғындарын Астана күнімен шын жүректен құттықтаймын және бүгінгі домбыра күнімен құттықтаймын.

 

Домбыраның үні салтанат құрып, Елорда жайындағы әндер төрге озған кеш жезқазғандықтарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.


 

АЙДАНА БАЗАРБАЙҚЫЗЫ, ДУМАН ОРАЗОВ

«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ


Пікірлер (0)

пікір қосу