ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІ

Ұлытау ТВ жаңалықтары

Мерекелік шараға Т.Қалмағанбетов атындағы филармония өнерпаздары мен , архив, музей және кітапхана қызметкерлері қатысты. Аталған Көрмеде музей қорында сақталған 11 домбыра мен ҚР еңбек сіңірген әртісі, өнер зерттеушісі Серік Оспановтың жеке коллекциясынан алынған ұлттық аспаптар қойылды. Әр домбыра-ғасырлар үнін сақтаған, халқымыздың тағдыры мен тарихын бойына сіңірген киелі аспап.


 

Зағира ҚАЛМЕНОВА Ұлытау облысының тарихи-археологиялық музейінің басшысы

 

Бүгінгі іс-шараның басты мақсаты-осы біздің мынау қазақ халқының қасиетті мұрасы аталатын,домбыраның тарихы мен осы қазақтың тарихының домбырамен қазақтың тағдырының арасында қандай байланыс барын көпшілікке таныту,дәріптеу.

 

Күйдің тілімен тарих сөйлеген көрмеде жас домбырашылар, жетігеншілер, филармония әншілері ұлттық өнердің озық үлгілерін көрермен назарына ұсынды. Абай атындағы мектеп-интернат жанындағы «Ұлытау» домбырашылар ансамблі мен «Қарақат» студиясының жетігеншілер тобы сахна төрінен ұлттық рухты асқақтата түсті.


 

Береке КӨШЕНОВ, Жезқазған қаласының құрметті азаматы

 

Қазақтың домбырасын мен өз басым айтар едім қазақтың домбырасы бұл бұл бүкіл шекті аспаптардың пайғамбары деуге болады.Қазақтың домбырасының шанағында бүкіл қазақтың мұңы,зары,шат-шадыман шаттықты кездері неше түрлі тағдырлы кезеңдерді өткен неше түрлі кезеңнін бәрі домбыраның шанағында сақталсын деуге болады.Домбыраның пернесінің өзін мен айтар едім өзіміздің халқымыздың әрбір ғасырларда өткен,әрбір басқан тағдырлардағы баспалдақтары сияқты деп ойлаймын.

 

Рухани маңызы зор көрме көптің назарына 1 ай бойы ұсынылады.  .


 

АЙДАНА БАЗАРБАЙҚЫЗЫ, АЙДОС ӨМІРБЕКҰЛЫ

«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ


Пікірлер (0)

пікір қосу